Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шыңғырлау ауданындағы мониторинг

2020 жылдың 18 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және АМТ мүшелері жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды.

Жұмыс сапары барысында Шыңғырлау ауылының жалпы білім беретін орта мектептерінің, аудандық колледж бен аурухананың жұмыс барысымен танысты.

Аудандық мектептерде, колледжде және ауруханада «Парасатты азамат» бұрыштары жасақталып, «Адалдық дүкендері» жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, мектептерде «Турникет» және білім мекемесінің жалпы мәлеметтері көрсетілген «Инфокиосок» жүйесі орналастырылған.

Н.И.Самет осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру мақсатында нақты ұсыныстар беріліп, тұрғындарды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

1
0
200

Осы тақырып бойынша

Шыңғырлау ауданындағы мониторинг - Yvision.kz