Ақпараттық-насихат штабы полиция ұжымымен кездесті
2020 жылдың 18 ақпан күні «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ақпараттық-насихат штаб мүшелері Орал қалалық полиция басқармасы, Абай мен Зашаган полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Іс-шараға Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының аға офицері Н. Ихсангалиев, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орныбасары О. Насимуллин, ақпараттық-насихат штаб мүшесі Куспанов Ө., қатысты.
Шара кезінде О.Насимуллин «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Облыстық Штабтың мүшесі Ө.Құспанов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Шара соңында полиция қызметкерлері Штаб мүшелеріне осындай кездесулері үшін алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіле ді.
