БҚО әкімі шенеуніктерді қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауаптығын ескертті
2020 жылдың 24 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша онлайн кеңес өтті.Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, Орал қаласы және аудан әкімдері және облыстық басқарма басшылары қатысты.Шара барысында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатын жағдайларды жою, соның ішінде жер комиссиялары отырыстарының ашықтығы және «Жер ресурстары геопорталын» жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, бюджеттік мекемелер басшыларын ротациялау және орталықтандырылған бухгалтерия, аудандық әкімдіктерде фронт-офистар (сервистік әкімдіктер) ашу, «OPEN SPACE» қағидаты және аудандардағы мектептерде «Е-асхана» автоматтандырылған жүйесін енгізу сұрақтары көтерілді.Аталған…