Блокпосттарға түнгі мониторинг
2020 жылдың 11 сәуір күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Арнайы мониторинг тобы «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының өкілдерімен бірлесіп, Орал қаласындағы 9 блокпосттардың түнгі жұмысына мониторинг жүргізді.
Аталған жұмыс сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі әкімшілік кедергілерді болдырмау және блокпосттардың түнгі қызметін қарау мақсатында жүргізілді.
Мониторинг кезінде Орал қаласының №6 блокпостында жарық жүргізілмегені анықталды. Бұл тәуліктің қараңғы кезінде блокпосттан өтетін азаматтар үшін қолайсыздық тудырып, жемқорлық тәуекелдеріне алып келуі мүмкін. ТЖ кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды күшейту мақсатында әкімдікке барлық блокпостыларды облыс әкімдігінің Штабы мен ПД ЖБО тікелей эфирі арқылы байланыстырылған бейнебақылау камераларымен жабдықтау туралы ұсыныс енгізілді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
