ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік қызметшілерге арналған бейне-дәрістер дайындауда

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын.

Короновирустың таралуына жол бермеу мақсатында барлық іс-шаралар онлайн негізде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Осыған байланысты, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен әртүрлі форматтағы бейне-дәрістер дайындалып, қоғамда және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Бүгінгі күні аталған бейне-дәрістер сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған іс-шаралар мен құқықтық оқытулар кезінде өңірдің мемлекеттік қызметшілеріне онлайн түрінде көрсетілуде.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.