«Сыйлық және оның басқа түрлері» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабақ өткізілді.
2015 жылғы 13 ақпан күні Орал қалалық А.Макаренко атындағы жалпы орта мекетебінде «Сыйлық және оның басқа түрлері» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сабақ өткізілді. Ата-аналар мен балалардың көмегімен өмірде кездесетін жағдайлар туралы қойылымдар көрсетілді. Осы жағдайларды талкылау барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерінің бағаларын беріп, шешу жолдарын ұсынды. Топтар жұмысында Сыйлаушылар жадынамасы жасалды, «Пайдалы сыйлық» бөлімінде «Винни Пух» балалар шығармасынан үзінді пайдаланылды, сабақты қорытындылай келе, балалар сыйлық тек шын көңіл, ықыласпен берілу қажеттігін ұғынды.
Сонымен қатар, ата-аналар тұлғаны жас кезінен қазақстандық патриотизм сезімімен және жемқорлыққа төзбеушілікте тәрбиелеу қажет деп айтты.
