Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні сағ. 09:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және БҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл Жоспары аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді.
Шараға «Жас Отан» жастар қанатының, Қазақстан студенттер Альянсының және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшылары мен еріктілері қатынасты.
Акция Батыс Қазақстан облысының мектеп және колледж оқушыларының қысқы спартакиадасы шеңберінде оздырылды. Іс-шараға 12 аудандық, 1 қалалық және 1 облыстық командалар қатысты. 
Шара барысында Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш жемқорлықтың мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның алдын алудағы жастардың жұмыстарына тоқталды.
Акцияда оқушылар өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындап келген еңбектерін көрсетіп, бір мезетте барлығы бірдей 
БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ
ҚОҒАМДЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАЙМЫЗ
деп дауыстады.

0
0
686

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясы өткізілді. - Yvision.kz