Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен семинар өткізілді.

Бүгін сағат 16.00-де Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында облыстық қаржы басқармасының мәжіліс залында қаржы және дене шынықтыру және спорт басқармасы ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.

 
0
0
301

Осы тақырып бойынша

Қаржы, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлерімен семинар өткізілді. - Yvision.kz