Мазмұнға өту
anticorruptionZKO

Timosh07

@anticorruptionZKO

Сайтта 2015 ж. 17 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

250

жазбалар

3 813

пікірлер

2

тіркелуші

15

жазылымдар

4

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

2015 жылдың 4 мамыр күні Орал қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты 10 сынып оқушыларының  қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында тарих пәнінің мұғалімімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, топтарымен әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып, өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.

Сабақта оқушыларға Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқып, тақырыптық жаднамалар таратты.

Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейнетаспалар көрсетілді.

0
0
2114

Қазақстан халқының бірлігі күні

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кең көлемде тойлануда. Орал қаласының көшелерімен жұмысшылар, кәсіпкерлер, спортшылар, мемлекеттік қызметшілер шерумен өтті. Департамент қызметкерлері де атаулы шараға қатынасты.

Мереке құтты болсын!!!

0
0
407

Көңілді жайдарман кеші

2015 жылдың 29 сәуір күні «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, «Ақжайық КТК (КВН) лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Жайдарман чемпионатының Жоғарғы лигасы ¼ финалдық ойыны өткізілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО департаментінің ұсынысы бойынша және Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы арасындағы үстіміздегі жылы келісілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарының аясында аталған ойын ережесінің міндеттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» енгізілді. Сайысқа облысымыздың бес командасы қатысып, Қазақстан халқының Бірлігі мен Достастығы және түрлі өмірлік жағдайлардағы сыбайлас жемқорлық к…

0
0
1266

Заң – тәртіп кепілі

2015 жылдың 29 сәуір күні 15.00-де Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мәжіліс залында «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» жобасы аясында «Заң – тәртіп кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, студенттері қатынасты. Дөңгелек үстел барысында қоғамдағы құқық бұзушылық мәселесі, сыбайлас жемқорлық көріністері туралы және оның алдын алу жолдары талқыланды. Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуына әр тұрғын өз үлесін қоса алады. Сондықтан әр адам қоғамдағы құқық бұзушылыққа бей-жай қарамай, оның алдын алуда өз үлестерін қосу керек. Шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет іст…

0
0
568

Орал қалалық сотындағы семинар

2015 жылғы 29 сәуір күні Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотында «Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі» тақырыбынды семинар-кеңес өтті. Шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент консультанты Б.Хайруллин дәріс оқып, дәріс арнайы дайындалған слайдпен сүйемелденді. Сонымен қатар, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
266

Маңызы зор кездесу

28 сәуір күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарынмен және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірді. Семинарға департамент басшылығы және қызметкерлері барлығы 30 адам қатысты.

Сонымен қатар, департамент ұжымына жемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетілді.

 
0
0
346

Адамгершілік – асыл қасиет

23 сәуірде Орал қаласындағы №19 мектепте оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді арттыру мақсатында 4 сыныпта «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сабақ оқушылардың «Атамекен» әнін хормен айтудан басталды. Оқушылар екі топқа бөлініп, адамның жақсы және жаман қасиеттерін тізбеледі. Оларды қағаз бетіне түсіріп, артынан жаман қасиеттер жазылған қағаздарды қоқыс жәшігіне тастады. Ал, жақсы қасиеттері жазылған қағаздарды тақтаға жапсырып, нәтижесінде сәулесін шашқан күн пайда болды. «Маржан сөздер сыр шертеді» бөлімінде оқушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып жарысса, «Үй тапсырмасы» бөлімінде көріністерді сахналады. Одан кейін департамент өкілі арнайы дайындалған «Адал жол адастырмайды» слайды арқылы оқушыларды адал болуға, үздіксіз білім алуға шақырды. Ш…

0
0
2521

Облыстың мемлекеттік органдарынының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

2015 жылдың 22 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ««Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдарда енгізудің барысы және мемлекеттік органдардағы кадрмен қамтамасыз ету жағдайы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске орталық мемлекеттік органдардың облыстағы аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары Н.Сүйінбаев ашып, орталық мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу барысы туралы айтып өтті. Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш өз баяндамасында 2015 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің…

0
0
473

Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы

2015 жылдың 22 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдары заң қызметтерінің Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып, «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Стратегиясының» негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы болды. Аталған отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгентігіБатыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы - Үйлестіру Кеңесінің мүшесі А.С.Жұбаныш қатысып, күн тәртібіндегі бірінші мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сон…

0
0
394

Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Ағымдағы жылдың 21 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті облыстық энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті. Семинар кеңесте Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті. Өз кезегінде мемлекеттік сатып алу, құқық және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Б.А.Тұрсынов басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізіліп жат…

0
0
349