Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстың мемлекеттік органдарынының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді

2015 жылдың 22 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ««Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін мемлекеттік органдарда енгізудің барысы және мемлекеттік органдардағы кадрмен қамтамасыз ету жағдайы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске орталық мемлекеттік органдардың облыстағы аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті  департамент басшысының орынбасары Н.Сүйінбаев ашып, орталық мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу барысы туралы айтып өтті. Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш өз баяндамасында 2015 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің кадр резервімен жұмыс жасау туралы, қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту, мемлекеттік органдардағы ауысушылық деңгейі мәселелеріне назар аударды.

Семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан ««Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізудің барысында туындап отырған сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, олардың барлығына қажетті жауаптар беріліп, семинарға қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар ескерілетіндігі жеткізілді.

 
0
0
472

Осы тақырып бойынша

Облыстың мемлекеттік органдарынының персоналды басқару қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді - Yvision.kz