БҚО-да «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді
2016 жылдың 27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Отырыста құрылыс саласындағы жұмыстардың көрсеткіштері қаралып, партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Жаңақала және Тасқала аудандарында орындалу барысы туралы мәселелер қозғалды. Отырысқа кеңес мүшелері, партияның облыстық филиалының басшылығы, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық прокуратура, әкімдіктер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы департаментінің өкілдері мен Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұртазин М.қатысты. Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші ор…