Мазмұнға өту
altynsaryn_obzhk_qst
altynsaryn_obzhk_qst

Алтынсарин атындағы ОБЖК

@altynsaryn_obzhk_qst

Сайтта 2014 ж. 12 мамырКазахстан, Костанай

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

111

жазбалар

4 790

пікірлер

140

тіркелуші

30

жазылымдар

2

Ыбырай ізбасарлары (кітап оқу клубы)

Клуб мақсаты жас оқырмандардыңшығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру болып табылады. Сондай-ақ, оқыған кітап авторларымен онлайн-кездесулерді де мақсат етіп қойып отырмыз.Клубтың жалпы 5 отырысы болды.

2023жылдың сәуір айына жазушы Рүстем Сауытбайбен онлайн-кездесу жоспарланған болатын. Соған байланысты клуб мүшелерімен ақылдаса келе, автордың қазақ тіліндегі алғашқы фэнтези «Шоко әлем» кітабының бірінші бөлімін оқуды бастадық. Белгіленген уақытқа дейін кітапты оқып, талдап, авторға қоятын сұрақтарымызды дайындайтын боламыз.

Клубқа мүше болғысы келетін барлық 7-8 сынып оқушыларын шақырамыз.

#балаларжылы

0
0
537

1 студия: Бибігүл Латыпова, Шалгимбаева Шынар

Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашылары Латыпова Бибігүл Казыбаевна мен Шалғымбаева Шынар Төлегенқызы «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында қонақта болып «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханада «Этнокөпір» жобасы жайлы, жаңа жобалар, кітап жаңалықтары, жазушылармен кездесулер туралы баяндады.

0
0
472

«Азаттық үшін күрес»

2022 жылы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі және Қазақ хандығының соңғы билеушісі, сұлтан Қасымның ұлы, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымовтың 220 жылдығы атап өтіледі. Қазақ халқының тарихында ол ұлтаралық қайшылықтарды еңсеруге тырысқан және халықты біріктіру үшін өз өмірін аямаған ұлы қолбасшы, саясаткер, дипломат ретінде қалады.

№18 мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушылары үшін мерейтойға орай «Азаттық үшін күрес» атты тұлғалық сағаты өткізілді. Іс-шара тарих пәнінің мұғалімі Куатбаева Айгуль Серкибаевнамен бірлесіп дайындалды. Бірнеше оқушы Кенесары ханның қаһармандық өмірі туралы баяндамалар жасады. Ақпарат қызықты және өзекті болды, өйткені тарих сабақтарында балалар тарихи тұлғалармен танысады. Кездесу қызу өтті, балалар сұрақтар қойып, әңгімеге қатысты.

#балаларжылы

0
0
221

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары»

Бұл екі кітаптің авторы – Айгиз Ғиззатұлы Баймұхаметов. Ол 1988 жылы 27 қазанда Башқұрстандағы Белорецк ауданы, Абзаков ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған соң балалар үйінде тәрбиеленген. Башқұрт мемлекеттік университетінің башқұрт филологиясы мен журналистика факультетін аяқтаған. Айгиз Ғиззатұлы – журналист, жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі.«Ертегісіз өткен балалық» бұл кітап «Тастамашы, ана!» повесінің жалғасы болып табылады. Бұл шығарма орыс, татар, чуваш, азербайджан, монгол тілдеріне аударылған. Сонымен бірге қазақ тіліне де аударылған, оның авторы Саят Қамшігер.Басты кейіпкер – Ілияс. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі. Баланың басынан кешкен оқиғалар баяндалған. Кітаптың тілі қарапайым, оқуға жеңіл. Бұл туынды өмірді…

0
0
1642

"Пошташы бізге не әкелді" (бейне ақпарат)

Кіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған бейнеақпаратымызда «Жыл он екі ай» атты балалар журналының қызықтарына шолу жасаймыз. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.

0
0
275

Ойла: Ecosophy немесе киелі табиғат

Балалар мен жастарды тәрбиелеу үшін іргетас ретінде қалануы мүмкін болатын «Экософия немесе киелі табиғат» кітабы, Абзал Құспан атап өткендей, 2019 жылы жарық көрді. ЭКОСОФИЯ - адамның табиғатқа қатынасын қарастыратын қазіргі экологиялық санадағы бағыттардың бірі. Тұжырымдаманы 1973 жылы норвегиялық және француздық философ Арне Несса ("терең экологияның" негізін қалаушы) жасаған. Экософия - экологиялық философия - жастарды тәрбиелеуге арналған, бала кезінен табиғатқа, қоршаған ортаны қорғауға деген сүйіспеншілікті оятады деп айтуға болады.

0
0
493

Ертегі кейіпкерлерінің энциклопедиясы: Қыдыр ата

Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

0
0
560

Саған арнадым Қазақстан

25 қазан Республика күні мейрамының қарсанында «Саған арнадым Қазақстан» атты іс-шара Ы. Алтынсарин ат.мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 5 және 6 сынып оқушыларына арналып тарихи викторина өткізілді. Кездесудің шымылдығын еліміздің әнұранымен бастап, оқушылар Отан, туған жер туралы өлен шұмақтарымен бөлісіп, викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп отырды. #балаларжылы

0
0
451

Менің елім – менің Қазақстаным

Қ.К.Тоқаев биылғы жылдың маусым айында Ұлттық Құрылтайдың отырысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып атап өтілуі туралы ұсыныс айтқан болатын. Мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.Осы айтулы күн қарсаңында 20 қазанда кітапханада «Менің елім – менің Қазақстаным» танымдық сағаты өткізілді. Іс-шара мақсаты: Қазақстанныңжері, рәміздері, тіл саясаты, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жеріміздің ұлы тұлғаларының еңбектерімен танысыру. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Танымдық сағат барысында Республика күні мерекесінің маңызы ту…

0
0
464