Мазмұнға өту
Обложка сообщества Книги

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары»

Бұл екі кітаптің авторы – Айгиз Ғиззатұлы Баймұхаметов. Ол 1988 жылы 27 қазанда Башқұрстандағы Белорецк ауданы, Абзаков ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған соң балалар үйінде тәрбиеленген. Башқұрт мемлекеттік университетінің башқұрт филологиясы мен журналистика факультетін аяқтаған. Айгиз Ғиззатұлы – журналист, жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі.

«Ертегісіз өткен балалық» бұл кітап «Тастамашы, ана!» повесінің жалғасы болып табылады. Бұл шығарма орыс, татар, чуваш, азербайджан, монгол тілдеріне аударылған. Сонымен бірге қазақ тіліне де аударылған, оның авторы Саят Қамшігер.

Басты кейіпкер – Ілияс. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісі. Баланың басынан кешкен оқиғалар баяндалған. Кітаптың тілі қарапайым, оқуға жеңіл. Бұл туынды өмірді бағалауды, бақыт үшін күресуді, болашаққа ұмтылуды, ата-ана мен жақын жандарыңды аялап, ардақтауды үйретеді.

Кітап мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерге, жалпы оқырмандарға арналған.

Екінші кітап «Көше балалары», ата-ана жылуынан мақұрым қалған көше балалары туралы. Автор көшеде жүрген қаңғыбас балалар тақырыбын бірнеше жыл зерттеп, сондай балалармен сөйлесіп, тілдесіп барып, олардың өмірін, сан қилы тағдырларын саралап, зерделеп барып осы шығармасын жазған.

0
0
1643

Осы тақырып бойынша

Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық», «Көше балалары» - Yvision.kz