Мазмұнға өту
alpamis

Алпамыс Батыр

@alpamis

Сайтта 2011 ж. 9 қаңтарКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

67

пікірлер

287

тіркелуші

11

жазылымдар

5

мемлекет тарабынан жасалып жатырған сайттар

Жақында сырттан оқуға мүмкіндік беретін http://techbilim.kz деген сайтты таптым, мүмкін таба алмауым да мүмкін еді егер мемлекет тарабынан осы сайтты 2012 жылға техникалық жәрдем көрсету қызметі бойынша конкурс жарияланбаса. Жалпы ойлап қарасақ, сайттың алға қойған мақсаттары зор, алайда техникалық шешімі шала ғой деймін. Қазіргі таңда, сайтқа тек сайт жасаушыларда басқа ешкім кірмейтін сияқты. Жаңалықтар 2011 жылмен тоқтаған, форум-чаттар 2008-2009 жылмен тоқтаған. мысалы: сайтқа алғаш кіргенде қазақ тілі бар ал қолданушы атымен кіргенде, қазақ тілі бірден жоғалып кетеді онымен қатар, қазақ тілінде жазылған сөздердің көбі қате, осыны жасаған кісі Н мен Ң - ды ажарыта алмайды ау шамасы. Жалпы сайт http://www.sakaiproject.org компаниясының бағдарламасы арқылы жасалған, бірақ оны кейбір жер…

0
3
896

Бұқар жырау, Тілек

Тілек Бірінші тілек тілеңіз Бірінші тілек тілеңіз Бір аллаға жазбазқа. Екінші тілек тілеңіз Ер, шұғұл, пасық, залымның Тіліне еріп азбасқа. Үшінші тілек тілеңіз - Үшкілсіз көйлек кимеске, Төртінші тілек тілеңіз Төрде төсек тартып жатпасқа, Бесінші тілек тілеңіз Бес уақытта бес намаз Біреуі қаза қалмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз Алпыс басты ақ орда, Ардақтаған аяулын Күнінде біреуге Тегіннен тегін олжа болмасқа. Жетінші тілек тілеңіз Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа. Сегізінші тілек тілеңіз Сегіз қыйыр шар тарап Жер тұлданып тұрмасқа. Тоғызыншы тілек тілеңіз Төреңіз тақтан таймасқа Тоқсандаңы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа. Оныншы тілек тілеңіз Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күні айналған, Бұлтты күні босанған, Тар құрсағын кеніткен, Тас емшег…

2
1
19237

Қалқаман Сарин, "Жақсы мен одан да жақсы"

Төрткүл дүние-ай тұтқа болып ең кімдерге?
Төрт қырлап қазған қабір ғой алар жүлдем де...
Төрт нәрсе жақсы тұрлаусыз мынау тірлікте,
Ал төрт нәрсе бар одан да жақсы, білгенге!

Бұғаулап алып бермеген кезде нәпсі бой,
Ар-иманыңа қорғаныш болар тасқын ой
Еркектің ұяты болғаны жақсы, әрине,
Әйелдің ұяты бар болса, тіпті, жақсы ғой.

 

Әділдік болар әлемде, Алла қаласа!
Құлшылық жаса, жұмысың басқа жоқ аса.
Басқамыз әділ бола алсақ жақсы, сонда да,
Патшамыз әділ боп жатса, тіпті, тамаша!

Бауырым менің, байлыққа кетпе құмартып!
Мақшарда ертең мұңайып қалма мұң артып.
Бай адам жомарт болганы жақсы, ал бірақ,
Кедейдің жомарт болғаны одан мың артық!

0
0
1795

Елбасына жолдаған елдің сөзі

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Екі жарым ғасыр отарлық езгіде үлкен қасірет пен апаттарды басынан өткізіп «мың өліп, мың тірілген» қазақ ұлты биыл, тәуелсіздік алуының жиырма жылдығын атап өтпек. Ата-бабаларымыз осы жолда-жеріміз, тіліміз, дініміз, дәстүріміз, ұлттығымызды сақтап, қорғау үшін өмірлерін сарп етті. Тәуелсіздік жылдары Еліміз өзіңіздің басшылығыңызбен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына жетекшілік етіп, Ислам конференциясы ұйымының тізгінін ұстады. Бұл-ұлтымыздың бірлігі, елдегі саяси, әлеуметтік тұрақтылықтың нәтижесі. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен жылдарды саралап, тәуелсіздігіміздің қадірін айшықтап, халықтың өз-өзіне деген сенімін арттырып, ұлттың тұтастығын барынша күшейту қажет. Дегенмен тарихтың о…

0
1
847

Ит өсірдім, ол өзімді қапты

Жанұзақ Әкім Осыдан екі жұма бұрын ұсынылған «Қазақстан Республикасының тіл саясаты жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу» бұқаралық ақпарат құралдарының орталық тақырыбына айналды. ҚР Мәдениет министрлігі енгізген «2012 жылдан бастап мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді пайдалану және іс қағазды қазақ тілінде жүргізу» туралы норма негізінен мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болғанымен ресейлік басылымдар мен республика ішіндегі орыстілді газеттер мен орыс тілді порталдар жоқ жерден шу шығарып, бұл Конституциялық нормалар «тіл және мемлекеттік төңкеріске әкеледі» деді. Егер қазақ тілі 1989 жылдан бері мемлекеттік тіл болса, онда бұл нормалар неге төңкеріске әкелу керек? Оның үстіне бұл нормалар тек мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болса, яғни ол тәу…

0
0
1272

Әбу Саид әл-Худриден

Әбу Саид әл-Худриден (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Адам баласы таңертең ұйқыдан тұрғанда бүкіл дене мүшелері тілдің алдында бас иіп: Біз үшін Аллаһтан қорық. Шын мәнінде біз саған тәуелдіміз. Егер сен туралықты ұстансаң, біз де тура жолда боламыз. Ал егер тура жолдан тайсаң,  біз де таямыз  деп айтады»  деген.
(Тирмизи риуаят еткен)
0
0
442

100 хадис кітабынан

Мұсылман  мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман бауырына опасыздық жасамайды, өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды.

(Тирмизи риуаят еткен)

0
2
3191

(100 хадис кітабынан)

Ер адам қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш-жалаңаш етіп нәпақасыз қалдырса, соның өзі күнә ретінде оның бір басына жеткілікті болады.

(Әбу Дәууд риуаят еткен)

0
0
486