Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

мемлекет тарабынан жасалып жатырған сайттар

Жақында сырттан оқуға мүмкіндік беретін http://techbilim.kz деген сайтты таптым, мүмкін таба алмауым да мүмкін еді егер мемлекет тарабынан осы сайтты 2012 жылға техникалық жәрдем көрсету қызметі бойынша конкурс жарияланбаса.

Жалпы ойлап қарасақ, сайттың алға қойған мақсаттары зор, алайда техникалық шешімі шала ғой деймін.

Қазіргі таңда, сайтқа тек сайт жасаушыларда басқа ешкім кірмейтін сияқты. Жаңалықтар 2011 жылмен тоқтаған, форум-чаттар 2008-2009 жылмен тоқтаған.

мысалы: сайтқа алғаш кіргенде қазақ тілі бар

 

ал қолданушы атымен кіргенде, қазақ тілі бірден жоғалып кетеді

 

онымен қатар, қазақ тілінде жазылған сөздердің көбі қате, осыны жасаған кісі Н мен Ң - ды ажарыта алмайды ау шамасы.

Жалпы сайт http://www.sakaiproject.org компаниясының бағдарламасы арқылы жасалған, бірақ оны кейбір жерлерін қазақшалау түгілі орысшалауды да ұмытып кетіпті.

мысалы, салыстырып көріңіз:

Бәлкім сынақтамашылардың жоқтығынан болар, кім білер.

Сайт жұмысының олқылықтары қаншама...

Өкінішті-ақ.

0
3
897

Осы тақырып бойынша

мемлекет тарабынан жасалып жатырған сайттар - Yvision.kz