(100 хадис кітабынан)
(Тирмизи риуаят еткен)
* Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен, білім және т.б.
(Муслим риуаят еткен)
@alpamis
Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.
рейтинг
100
жазбалар
67
пікірлер
287
тіркелуші
11
жазылымдар
5
рейтинг
100
жазбалар
67
пікірлер
287
тіркелуші
11
жазылымдар
5
(Тирмизи риуаят еткен)
* Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен, білім және т.б.
(Муслим риуаят еткен)
Торсығыңның аузын буып, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе, Аллаһ тағала да саған берер ризығын байлап тастайды .
(Бухари; Муслим риуаят еткен)(100 хадис кітабынан)
Кімде-кім харамнан тыйылып арын таза ұстауға тырысса, Аллаһ оны арлы қылады . Ал, кімде-кім қолда барға қанағат қылып, ешкімнен тіленбесе, Аллаһ оны көңілін тоқ қанағатшыл етеді. Сондай-ақ, кімде-кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оған терең сабыр береді. Ешбір жанға сабырлылықтан үлкен әрі қайырлы сый бұйырмаған.
(Бухари; Муслим риуаят еткен)
(100 хадис кітабынан)
Әрбір таң арайлап атып, Аллаһтың құлдары ұйқыларынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі.
Бірі:
"Уа, Аллаһ тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра гөр", десе, екіншісі:
"Уа, Аллаһ тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға ұшырат",- деп дұға жасайды.
(Бухари; Муслим риуаят еткен)
(100 хадис кітабынан)
Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп жасайтын дұғасы: Раббанә әтинә фид-дүниә хасәнәтән уә филь-ахирати хасәнәтән уә қинә ‛азәәбән-нәәри Уа, Раббымыз! Бізге дүние тіршілігінде де, ақыретте де (тек ғана) жақсылық бере гөр! Әрі бізді тозақ отынан сақтай гөр! деген дұға еді» деген.
(Риязус-салихин кітабынан)
Умму Сәләмә (р.а.): «Алла елшісінің (с.ғ.с.): Алланың қандай да бір құлының басына қайғы келегенде: Расында бәріміз Аллаға тәнбіз және соңында Аллаға қайтамыз. Уа, Аллам! Мына қайғымда маған сауаптан жазып, мен үшін артын қайырлы қылғайсың деп дұға жасаса, Алла Тағала сол қайғысы үшін оған сауаб жазып, міндетті түрде артын қайырлы қылады деп айтқанын естіген едім.
Абдуллаһ ибн Хубәйб (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) маған: Таңертең және кешке Қуль һуа Аллаһу ахад және Муаууизәтәйнді (яғни, Ықылас және Фәләқ, Нас сүрелерін) үш реттен оқып жүр. Бұл сүрелер (басқа дұғаларға қарағанда) сенің күллі жамандық атаулыдан әрі зиянды нәрселерден сақтануыңа толық жетеді − деп айтты» деген.
Шіркін сол сөздер біздің емес, шынайы тақуа, үлкен жүректі тұлғалардың аузымен айтылса, халыққа көбірек әсері болар еді. Михраб пен мінбердің шынайы иелері келер күнге дейін ақиқатты айту біз сияқтыларға аманат. Ендеше айту да, барынша рухани жетілу де кажет.
Мына жалған осылай өтедi екен,
Әр адам өз жолымен кетедi екен.
Сәждеге маңдай күнде тимесе егер,
Жүрек таза деп ақталу бекер екен.
Бiреулерге дүние арман екен,
Жалған дүние бiздi де алдар мекен.
Лондон,Париж бiреуге арман болса,
Соқырларға күндi көру арман екен.
Музыка миымызды улар мекен,
Тот басқан жүрегiмдi ендi нетем.
Керең болып туылған зағиптарға,
Азан дауысын бiр есіту арман екен.
Шарап тасып жүремiз дүкендерден,
Құдай емес қорқамыз көкелерден.
Болғанымда қайтер ем жүре алмайтын,
Аяғы жоқ мүгедек пенделерден.
Алпыс үш жастан кейін рахатын көрерміз деп зейнетақы қорына айлығымыздан жырып-бөліп қаржы жинаймыз. Ал сол жасқа жетеміз бе? Жетсек қанша уақыт оның қызығын көреміз? Иә, осындай күмәнді нәрсенің осылай қамын жеген пенделер ертеңгі сөзсіз болатын өлімге, маңгі ғұмырға қаншалық қам жеп жүр?!