Перейти к содержимому
almatinskaya.nurotan.kz

Алмат. областной филиал

@almatinskaya.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан, Алматы

Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области

рейтинг

250

жазбалар

493

пікірлер

0

тіркелуші

25

жазылымдар

24

Алматы облысында пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд. теңге бөлінді

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.- COVID-19 індеті денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сын болды, қабылданған шараларға қарамастан кадр жетіспеушілігі, құрал-жабдықтар жеткіліксіздігі әлі бар. Сондықтан жалпы пандемиямен күрес шараларына жергілікті бюджеттен 13,8 млрд. теңге бөлінді, соның 8,8 млрд. теңгесі екінші толқынына дайындыққа қарастырылды, - деп атап өтті А. Баталов.Оның айтуынша, Талдықорған қаласында қысқа мерзім ішінде 200 төсектік модульді инфекциялық аурухана салынды. Ол барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен және штатпен қамтылды. Ал материалдық қолдау көрсету шеңберінде 5362 медицина қызметкеріне 4,7 млрд. теңге көлемінде үстемақы төленді, 1123 медицина маманына жергілікті бюджеттен 13…

0
0
154

Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і әлеуметтік инфрақұрылымға бағытталды

Бұл ретте «Жұмыспен қамту жол картасы» өз тиімділігін көрсетті, осы бағдарлама шеңберінде құны 105,6 млрд. теңгелік, 20,9 мың жұмыс орнымен 1051 жоба іске асырылуда. Соның 1,8 мыңы тұрақты жұмыс болса, 10,5 мыңы Жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.Өңір басшысы хабарлағандай, «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының 451-і жобасы немесе 43% әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсартуға, 237 жоба тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен абаттандыру мәселелерін шешуге бағытталды.- Біздің облыста үш ауысыммен оқыту мәселесі әлі де бар екенін білесіздер. Сондықтан «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 9 мың орындық алты мектеп салып жатырмыз. Өңірде «Еңбек» бағдарламасы бойынша 33 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуда, бұл…

0
0
196

А. Баталов: «Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлді»

«Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында біз ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлдік. Жөндеу жүріп жатқан 347 елді мекеннің 220-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде қамтылып отыр. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 84% жетеді, - деді Амандық Баталов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында. Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.

0
0
116

Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өсім 7,6% құрады. Ал жылдық жоспар – 938,8 мың шаршы метр. Бұл жайында бүгін Президент Жолдауының өңірде орындалу барысы туралы брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді. Өңір басшысының айтуынша, Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына 38,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы облыста барлығы 2843 пәтерлік 566 тұрғын үй салынуда, оның 1020-сы көп балалы отбасыларына беріледі. 1533 отбасы «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары бойынша пәтер алады. «Облыс орталығы Талдықорғанда 670 үйлік коттедж қалашығының құрылысы жүріп жатыр. Биылғы жылы 345-ін қолданысқа береміз. Мұнда мектеп, балабақша, балалар алаңдарын салам…

0
0
144

А.Баталов: Пандемия кезінде бизнестің 641 субъектісіне несие бойынша төлемді кейінге шегерілді.

Соған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Алматы облысында дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде бизнестің 119 мың субъектісі салықтық ынталандыруға қол жеткізді, 641 субъектіге 24 млрд. теңге несие бойынша төлемді кейінге шегеруге жағдай жасалды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты. Баяндамада айтылғандай, өңірдегі 6,5 мың жалгерлер үшін жеке секторда жалға алу құны 30%-тен 90%-ке дейін төмендетілген, бизнестің 690 субъектісі коммуналдық меншік мүліктерін жалға алу төлемінен толық босатылды. Кәсіпкерлікті қолдауға бюджеттен 16,2 млрд. теңге бөлінді. - Осы айтылған шаралардың барлығы шағын және орта бизнес көрсеткіштерін өткен жылдың деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. Соған сәйкес…

0
0
138

Амандық Баталов: Біз белгілеген стратегиялық мақсаттар

Еліміздің ауыл шаруашылығы өніміндегі Алматы облысының үлесі - 17%. Дегенмен облыс осымен тоқтап қалмай, одан әрі де дамуға бағыт алып отыр. - Президенттің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес біз бұл бағытта төрт негізгі стратегиялық мақсатты белгіледік. Олар – ет пен сүт өндірісін арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, - деді А. Баталов. Облыста ірі қара мал басы 1,3 миллионнан, ал қой мен ешкі 4,2 млн. бастан асты. Осындай қуатты әлеуетке ие бола отырып, стратегиялық инвесторлар мен трансұлттық компанияларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 26 мың басқа арналған 82 тауарлы-сүт фермасы құрылған. «Біз 2025 жылға дейін ет өндірісін 500 мың тоннаға, сүт өндірісін 900 мың тоннаға дейін…

0
0
198

Алматы облысының инвестициялық қоржынында 517 жоба бар

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.- Трансұлттық компаниялардың жалпы сомасы 165 млрд. теңге болатын, төрт мың жұмыс орнын құратын 9 жобасы жүзеге асырылуда. Оның үшеуі - «Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo» іске қосылды, жыл соңына дейін тағы бір нысан - қуаттылығы жылына 60 мың тонналық «SSA Фид Миллс» құрама жем зауыты пайдалануға беріледі, - деп атап өтті А. Баталов.Спикер қуаты жылына 1,2 млн. тонна болатын облыстағы алғашқы цемент зауыты «Алацем» іске қосылатынын айтты.Жалпы биылғы жылы жалпы құны 153 млрд. теңге болатын, барлығы 71 жоба жүзеге асырылады. Жыл қорытындысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеден асады, шикізаттық емес экспорт 6% өсіп, 406 млн. АҚШ долларына жетеді деп жоспарлануд…

0
0
125

Алматы облысында биыл 50 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр

Биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 16 мың гектарға жетті. Одан 550 мың тонна өнім алып, 50 мың тонна ақ қант өндіру жоспарланып отыр. Елбасының қант қызылшасының бұрынғы даңқын жаңғырту туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыс басшылығы 2014 жылдан бастап барлық қажетті шараларды қабылдады. Егер 2014 жылы қант қызылшасының алқабы 1,2 мың гектар болса, 2020 жылы ол 16 мың гектарға жеткізіліп, 14 есеге жуық көрсеткішке ұлғайтылды. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін облыстың шаруа қожалықтарына субсидия беріліп, Франция, Германия, Дания елдерінен әкелінген жоғары өнімділікті тұқым берілді. Арнайы техника және жанар-жағармай мәселесі де шешілді. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен қант қызылшасы бағытында 29 сервистік-дайындау орталықтары құрылып, құны 6,4 млрд. теңге болатын 621 бірлік ар…

0
0
339

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы.

Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген. Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды. Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын. «Қызылша жомы – малға таптырмайтын азық. Облыста мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді, сондықтан кептірілген жомды өткізу қиындық туғызбайды. Оның үстіне жаңа технологияның арқасында жом брикеттеліп, құрғақ күйінде жеткізіледі. Сонда о…

0
0
281

Қарымды жастармен өткен келелі кездесу

Ел президенті жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар арқылы жастардың белсенділігін арттыру ғана көзделмеген, олардың қоғам дамуына сүбелі үлес қосуына сеп болу айқындал…

0
0
157