Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысының инвестициялық қоржынында 517 жоба бар

Бұл туралы бүгін Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

- Трансұлттық компаниялардың жалпы сомасы 165 млрд. теңге болатын, төрт мың жұмыс орнын құратын 9 жобасы жүзеге асырылуда. Оның үшеуі - «Маревен Фуд», «Лукойл», «Willo» іске қосылды, жыл соңына дейін тағы бір нысан - қуаттылығы жылына 60 мың тонналық «SSA Фид Миллс» құрама жем зауыты пайдалануға беріледі, - деп атап өтті А. Баталов.

Спикер қуаты жылына 1,2 млн. тонна болатын облыстағы алғашқы цемент зауыты «Алацем» іске қосылатынын айтты.

Жалпы биылғы жылы жалпы құны 153 млрд. теңге болатын, барлығы 71 жоба жүзеге асырылады. Жыл қорытындысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 трлн. теңгеден асады, шикізаттық емес экспорт 6% өсіп, 406 млн. АҚШ долларына жетеді деп жоспарлануда.

Жалпы облыстың инвестициялық қоржынында құны 5 трлн. теңгеден асатын 517 жоба бар. Оларда 45 мың жұмыс орны ашылады.

0
0
126

Осы тақырып бойынша