А. Баталов: «Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлді»
«Жұмыспен қамту жол картасының» арқасында біз ауыл ішілік жолдарды жөндеуге көп көңіл бөлдік. Жөндеу жүріп жатқан 347 елді мекеннің 220-сы «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде қамтылып отыр. Соның нәтижесінде жыл соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 84% жетеді, - деді Амандық Баталов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында. Спикердің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Талдықорған - Өскемен», «Үшарал - Достық», «Күрті - Бурылбайтал» және «Ұзынағаш - Отар» республикалық жолдарының құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, бұл транзиттік жүк тасымалы мен туристер легін арттыруға ықпал етеді.
