Мазмұнға өту
aliziyadin

Dinmukhamed Ziyadin

@aliziyadin

Сайтта 2010 ж. 27 сәуірКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

133

тіркелуші

23

жазылымдар

20

«Мәңгіліктің роктың» екінші фондағы бас кейіпкерлері

Рок-н-роллдың жілігін шағып, майын ішкендер «Мәңгілік роктың» етін сүйегінен ажыратып баға-пайымдауларды беріп-ақ жатқан тұста, аталған жанрды ара-тұра ғана тыңдайтын, ойындағы азды-көпті ақпараты шаң басып жатқан дилетанттың пікірі оқырманға қаншалықты қызықты боларын білмедім, алайда, хэви-метал мен хард-роктың глэм-металға қандай қатысы бар екенінен шала-шарпы хабардар жұртшылық үшін рецензия зиянсыз болар деп шештім. 1987 жыл. Жетпісінші жылдары бұрқ ете қалған глэм-рок Америка Құрама Штаттарында танымалдылықтың ақырғы күндерін өткізіп жатыр, жұдырықтарын түйіп, екі саусақтарын шошайтып, тіл шығарған мыңдаған фанаттар жақын арада жаппай поп-музыканың астында қаларын сезер емес. Голливудты бағындырамын деп келген Шерри аузын ашып жүріп бар дүниесінен айрылып қалады. Аты дүрілдеп тұрған…

2
1
1065

Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп

Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар. Оноре де Бальзак Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз. — Қалай қарайсың? — Болады. — Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді. Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар. Әзірге, құрметті сайт оқырмандарына осы бір жылдың ішінде біздің сайтқа қатысты құрылған статистиканы ұсынсақ па дейміз. Google Analytics мәліметтері бойынша, 2011 жылдың 10 маусымы м…

Кассадагалық қуыршақ театры: быламық

Бұл фильмге жеке пікірімді жазу-жазбау туралы күмән-күдік келіп-ақ қалған еді. Мойын бұрып мән беруге тұрмайтын дүние, бірақ, «Прометеймен» таласып-тармаспай, жүйке талшықтарымды тоққа соқтыртып алайын деген көрерменге арнап сөз сүйкей кетуді жөн көрдік. Қысқа іш киім (әлде көйлек, әлде шолақ шалбар – бәрі бар) киген әдемі қыз басына түскен қайғыдан қашып (сіңлісі көлік астына түсіп, қаза болады) АҚШ-тың паранормалды астанасы атанған Кассадага атты шағын қалашыққа барады. Жергілікті жігіттің басын айналдырып, өзінің де басы айналып «ахохойлап жүріп» әлдебір медиумның үйінен бір-ақ шығады. Сіңліммен сөйлестір деген біздің бас кейіпкердің сөзін жерге тастамаған сиқыршы кемпір құрал-жабдығын құрып жіберіп байғұс әруақты шақырып алады. Алайда, жаны тыныштық таппаған, ит азаппен өлген тағы бір…

4
0
920

«Қара киімділер 3»: көрермен, саған серт!

Алдымен, агент Кейдің кім екенін айтып алайық. Ол – жас Джейдің қарт әріптесі. Екеуі агенттер, жат планеталық зұлымдыққа қарсы күресетін, жердегі өзге ғаламшарлықтардың жүріс-тұрысын бақылап, қадағалап отыратын арнайы ұйымның өкілдері, басқаша айтқанда қара киімділер. Сонау 1997 жылы жарық көрген бірінші «Men in black» есіңізде шығар. Міне, сол фильмнің бас кейіпкерлері. Томми Ли Джонс пен Уилл Смиттің тандемі кино саласындағы танымал кейіпкерлердің қатарына кіреді. Араға екінші фильмді салып барып, үшіншісін түсірген Columbia Pictures өнімі бұл жолы Борис «хайуаннан» (Джемейн Клемент) басқа өзге планеталықты жарытып көрсетпеді. Басымдық басқаға берілді. Ай бетіне салынған алып зынданнан сылқым Лиллидің (Николь Шерзингер) көмегімен қашып шыққан Борис бір қолынан һәм бостандығынан айрылған…

Ертең басталатын үшінші ортаазиялық форумда Интернет саласына қатысты айтылған болжамдар мен қабылданған шешімдер талқыланады

Мамыр айының 18-19 жұлдызында Алматыда жыл сайын ұйымдастырылып отырылатын «Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012» форумы өтеді. Аймақтағы Интернеттің даму деңгейін халықаралық мамандар мен 4 ортаазиялық республикадан келген сарапшылар бағалайды. Үшінші форумда Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Қазақстаннан шақырылған ұлттық сарапшылар, Литва, Украина, Грузиядан келген халықаралық мамандар баяндама жасайды. Сонымен қатар, шараға мемлекеттік органдар өкілдері, жекелеп айтқанда Интернет дамуының саяси және заңнамалық аспектілерін ұсынатын ҚР парламенті депутаттары қатысады. Форумның негізгі блоктары болып Проблемалар-Шешімдер; Трендтер-Болжамдар; Идеялар-Жобалар-Бастамалар бекітілді. Форум аясында интернетте пікір білдіру еркіндігі, интернетті реттеудің құқықт…

2
0
870

Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2012″ үшінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді

Интернет-форум Алматыда 2012 жылдың 18-19 мамырында “Астана” қонақүйінде (Алматы қ., Байтұрсынов к. 113, Сәтбаев к. қиылысы) өтеді. Шара аясында сарапшылар Орталық Азия елдеріндегі Интернет желісінің дамуы мәселесін талқылайды. Шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, парламентарийлер, дипломаттар, интернет-қауымдастық белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер, заңгерлер, интернет-сарапшылар, академиялық орта және бизнес өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріндегі Интернеттің дамуы туралы пікірталастар болады. Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы, Сорос-Қазақстан Қоры және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Форумға қатысу үшін (қатысу тегін) онлайн-тіркелуден өту қажет. Шараға қатысуға ниет білдіретін сарапшы-баяндамашыларға ұсынылға…

1
1
522

«Қараңғы көлеңкелердің» жақсысы мен жаманы

Тим Бёртон мен Джонни Депп тандемі қолға алған жобаның ә деп басталғаннан-ақ елдің есін алмаса да, есінде қалып қоятын бір қасиеті бар. Оу бір кездері шыққан «Эдвард Қайшы-қолдардан» бастап, бертіндегі «Қалыңдық мүрдесі» мен «Ғажайыптар әлеміндегі Алисаға» дейін өзге мамандарда жоқ ерекше стильдің, айрықша киноның мысалы ретінде қарастырылады. 10 мамырдан бастап қазақстандық прокатта көрсетіле бастайтын «Қараңғы көлеңкелер» бұл екеудің сегізінші ортақ жобасы екен. Жұбайын кинодан-киноға тасып жүретін Бёртон бұл жолы да білгенінен жаңылмаған: фильмде бары не, жоғы не кейіпкер дәрігер Джулия Хоффманды режиссердің әйелі Хелена Бонэм Картер ойнайды. Актрисаның талантына шүбәміз жоқ («поттерианадағы» Беллатриса Лестрейндж рөлінің өзі не тұрады), бірақ дәл осы жолы Картердің қаһарманы артық көр…

2
1
654

3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы

- Менде армия бар! - Ал бізде Халк бар. Локи мен Тони Старктың диалогынан Бала қиялдың шеті де, шегі де жоқ, күндіз көзіңмен көріп, көңіліңмен сезінген дүние, түнде түсіңе кіріп сана-сезіміңді сол бір ертегі-әлемге барынша жақындататыны бар-ды. Жеке өзім Marvel Comics қаһармандарын бертінде бір-ақ көрдім, алайда адамзатты құтқарудан басқа істейтін істері жоқ супер-кейіпкерлер басының бір жерге қосылғаны алыста қалған бал-уақыттың ғажайып сәттерін қайта оралтқандай болды. Қазақстандық прокатқа Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласымен» таласа-тармаса қатар шыққан «Кек алушылар» фантастикалық экшні осы маусымның ғана емес, жалпы соңғы жылдардың көптен күткен премьераларының бірі болды. Marvel комикстары бойынша түсірілген алтыншы фильмде қиял-әлемнің ойдан шығарылған қаһармандары S.H.I.E.L.D.…

4
2
1529

«Көшпендіден» ілгері, көңілдегіден кейін

Тарих, әсіресе, қазақ тарихы туралы ғылымда, өнерде, тағы басқа салаларда сөз қозғау аса күрделі дүние деп түсінемін. Ақтарылып жатқан «ақтаңдақтар» өз алдына, «ары тарт та, бері тарт» сөз-талас пен пікір-соғыс кез келген автордың кежегесін кейін тарттыруға әбден себеп бола алады. 3 мамырдан бастап қазақстандықтарға «Қазақфильм» ұсынатын Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласы» осы жолда «өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын» туындылардың бірі болатын секілді. Кеңесші қылып Зардыхан Қинаятұлы мен Мәмбет Қойгелді секілді мүйізі қарағайдай ғалымдарды хош көрген фильм авторлары ішкі-сыртқы елге бірдей қызық болатын, берісі экшн, арысы патриоттық сезімге оң ықпал ететін туынды түсірген екен. Зардыхан Қинаятұлы ел арасында ежелден айтылып келе жатқан мың бала жасағы туралы аңыз-дерек филь…

3
4
1123

"Жаужүрек мың бала" фильмінің қазақтілді ресми промо-бетіне шолу

Келер аптада, мамырдың үші күні прокатқа шығатын "Жаужүрек мың бала" - Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы осы жылы қолға алған ең ауқымды жоба. Он сегізінші ғасырдағы қазақ-жоңғар соғысының тек бір ғана қыры туралы әңгімелейтін туынды ә деп басталғаннан-ақ қоғамның назарына ілінді. 200 адамды таңдау үшін жарияланған кастингке 22 мыңнан астам үміткердің келуі осыны байқатады. "Қазақфильм" киностудиясы мен Киностан ресурсы бірлесе отырып "Жаужүрек мың баланың" қазақ тіліндегі ресми промо-бетін жүргізуді бастады. Фильм, түсіруші топ, туралы жалпы ақпарат, қазақ және орыс тілдеріндегі трейлерлер, түсірілім алаңынан суреттер, фильмнен кадрлар, сондай-ақ жаңалықтар мен рецензиялар mynbala.kinostan.kz сайтында жарияланып тұрады. Ал әзірге осы уақытқа дейін "Жаужүрек мың баланың" ба…

3
6
2988