Мазмұнға өту
aliziyadin

Dinmukhamed Ziyadin

@aliziyadin

Сайтта 2010 ж. 27 сәуірКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

55

пікірлер

133

тіркелуші

23

жазылымдар

20

Өлдің, «Шпион», қор болдың...

Бізге Борис Акунин деген лақап атпен танымал жазушы Григорий Чхартишвилидің «Шпиондық романы» экранизацияланады деген ақпарат басқаны қайдам жеке өзімді фильмді тағатсыздана тосуға мәжбүр қылды. Ұлы Отан соғысының күтпеген сәтте басталуы мен кеңестік әскердің оған дайын болмауы туралы ерекше нұсқа ұсынатын шығарма кино мамандары тұрғысынан жаман түсірілмес деген үміт болған. Кешеге дейін... Әрине, ауызды құр шөппен сүрту дұрыс болмас, әуелі «ТриТэ» студиясы түсірген "Шпионның" әлеуетті тұстарын атап кетсек. Қор болған сюжеттің кінәлі кейпін бірнеше фактор, атап айтсақ, актерлар ойыны, шын өмірде жоба күйінде қалып, аяқсыз қалған КСРО астанасының келбеті, бірді-екілі арнайы эффект аз да болса ақтап ала алды. Мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариатының (НКГБ) аға майоры Октябрьский болып…

5
2
900

Қазақ тілін меңгеру мүмкіндіктері туралы үздік жарияланым байқауының жеңімпазы алтын құймаға ие болады

Қазақстандық БАҚ пен блогерлар арасында мемлекеттік тілді меңгерудің мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бірінші дәстүрлі үздік жарияланым байқауы іске қосылды. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Жеңімпаз 50 грамм салмағы бар алтын құйма мен ақшалай жүлдеге қол жеткізеді. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді игеру мысалдары мен инновациялық әдістері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату және халықтың қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын арттыруға ат салысу. «Қазақстанның Медиа Альянсы бұл байқауды түрлі себеппен қолдап отыр. Менің ойымша, қазақ тілін игерудегі басты түйткілді мәселе – дұрыс әдістемеліктің жоқтығы. Тиімді жолдар көрсетілмеген соң, мемлекеттік тіл де меңгеріліп қарық болып жатқан жоқ», – дейді Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Әділ Жәлелов.…

«Ормандағы лашық». Күлкімен қорқытатын хоррор

Үш жігіт, екі қыздың бастарына бәле іздеп жалғыз жол барып тірелетін, я телефон ұстамайтын, я жақын маңда тірі пенде тұрмайтын қалың орман арасындағы саяқ үйге барып уикендті тамаша өткізбекке (?) ниеттенуі басқаны қайдам, жеке өзімнің қорқынышымды емес, күлкімді шақырады. Бұл жолы да солай болар ма еді, кім білсін… бірақ, «Ормандағы лашықтың» осы уақытқа дейін көрген «әсіре» хоррор фильмдерімді мазақтап кеткені неге екені айрықша ұнады. Фильм өзара бір қиысып, бір қиыспайтын, аяғында тұтасып кететін екі сюжеттік желіден тұрады. Ә деп басталғанда-ақ экранға шығатын қос актер Ричард Дженкинс пен Брэдли Уитфордтың суперзаманауи технологиялармен жабдықталған әлде лаборатория, әлде басқа бір нысанадағы алдағы операция туралы әңгімелерінің, алып мониторлардың һәм түрлі-түсті ондаған түймешелер…

0
3
1506

Рейд. Көрерменді нокаутқа жіберетін кино

Осы жылдары «Аватар» мен Роберт Паттинсон қандай танымал болса, қайбір кездері Джеки Чан, Боло Янг, файтинг-кино сондай сұранысқа ие болған-ды. Бертінде Тони Джаа арқылы көптің көңілін өзіне құлатқан оңтүстік-шығыс стиліндегі төбелес жер-жерді жаулады. Бірақ, 3D формат шығып, елдің есін фэнтези фильмдер алған кезде, сарт-сұрт шайқас пен көз ілестірмейтін қол-аяқ қақтығысы кейінге ысырылғандай болған. Алайда, уэльстік режиссер Гарет Эванс пен индонезиялық актер Ико Ювайстың бір ойлағаны бар екен. Бюджеті бір миллион доллардың ар жақ-бер жағындағы (салыстырыңыз: «Көшпенділер» – 40 миллион) «Рейд» файтинг-стильдің қайта өрлеу дәуірін басынан кешіріп жатқанын көрсетіп отыр деп ойлаймын. Драмалық сипат пен аз ғана көлемдегі күлкілі көріністерді керемет қойылған төбелеспен өріп беретін фильм ай…

3
3
826

Вегастық жігіттер, дем алыңдар, «Х жобасы» іске қосылды

Ескерту! Бассейні бар, ауқымды ауласы бар екі қабатты үйде есті алар музыкамен, көңілді достармен, әдемі қыздармен, нағыз жігіттермен бас қосып елдің аузында жүретін кеш өткізбегендер, не өткізуді армандамағандар бұл фильмді ұнатпауы мүмкін. Былай ғой. Сен қатардағы американдық мектепте оқитын 17 жасқа бүгін толған жасөспірімсің. Сені ешкім елемейді, алып баратын күшің де жоқ, көркің де шамалы. Кирби атты құрбың бар, бірақ, оған деген сезіміңді өзің де түсінбейсің. Тек мектептің нөмірі бірінші қыздарына сырттан тамсана қарайсың. Достарды да «жарытып» беріпті тағдыр – бірі семіз, көзілдірік киген аңқау, екіншісі өзін-өзі мықты көріп, өз басына, онымен қоймай сенің басыңа проблема тауып беріп жүретін түсініксіз біреу. Сонымен, қайтпек керек? Жақын маңдағы (арасында мектепті үш жыл бұрын біт…

4
3
1038

«Титандардың қаһары»? Жоқ, естімеппін

«Грек мифтері мен аңыздары» дейтін қалың кітапты әлі күнге жата-жастана оқимын. Әлі есімде, алтыншы әлде бесінші сынып, түні бойы Трояға болысқан Гефест пен Аресті ойлап, уайымдап шыққанмын. Қысқасы, жартылай жалаңаш грек құдайлары мен қаһармандары туралы кез келген дүние көңілімді өзіне тез аудартып ала алады. Күні кеше қазақстандық прокатқа жол тартқан «Титандардың қаһары» да назардан тыс қалмады. «Титандар шайқасының» (шатаспаңыз) сиквелі болған бұл фильм бізге түсіру командасын толықтай өзгертіп келіпті. Тек толқынданған бұйра шашын жіберген Персей бастаған негізгі актерлар тобы ғана сол қалпы (Андромеданы бұл жолы Розамунд Пайк ойнайды). Алғашқы фильмде Кракенді құрдымға жіберген Персейдің осы жолғы шабысы бөлек: ағаш тақтаймен Химераның отын қайтарады, қанатты атымен бірге «атасы» К…

5
2
798

Бұл кемп бұрынғы кемптен өзгерек...

Бірден айтайын суреттеріммен бөлісе алмаймын. Қуана-қуана бөлісер едім, бірқатар адам «планшетің жаман түсіреді» деп ерін шығарды, оның үстіне біраз суретті менің туиттерімнен көре аласыз. Сондықтан, бұл жолы мылжың жазбамен бер жақтан қайтпақпын. Өткен жылы алғашқы рет ұйымдастырылып отырылғандықтан, оның үстіне салыстыратын да шара болмаған соң «алматылық» блогкемп ай мен күннен кейін болмаса, дейін болмады. Арқа-жарқа болған елдің ыстық-ыстық құшақтары қазақ тілінде Интернет бетінде символ теріп жүргендердің қызуын өртей түскен. Алыс-жақын шет ел деп бір, алғашқы рет деп екі, анау деп үш, мынау деп төрт, қысқасы не керек, біразға бардық. Онымыз дәлелсіз һәм дәйексіз де емес еді. «Блогкемп 2011» шын мәнінде IT-игі жақсының, ақсақалы мен көксақалының басын қосқан қарымды кездесу болды. Ж…

0
0
563

Біз зообақ сатып алдық

Алдымен аз-кем тарих. 2006 жылдың тамызында Бенджамин Ми атты азамат 1,1 миллион британ фунтына Англияның оңтүстік-батысындағы Девоншир графтығы, Спарквелл елдімекеніне жақын жатқан Дартмур зообағын сатып алады. Дағдарысқа ұшырап, жабылып қалған зообақты Ми жөндеп, қалпына келтіріп, 2007 жылдың 7 шілдесінде қайта ашады. 2009 жылы ақпан айында ол «We Bought a Zoo: The Amazing True Story of a Broken-Down Zoo, and the 200 Animals That Changed a Family Forever» («Біз зообақ сатып алдық: отбасымды өзгерткен қураған зообақ пен 200 жануардың шынайы керемет оқиғасы») деген атпен естелік-кітабын жариялайды. Сол-ақ екен 20th Century Fox студиясы кітапты экранға шығару құқығын сатып алады. Алады да «Біз зообақ сатып алдық» деп Мэтт Деймонға бастатып, Скарлетт Йоханссонға қостатып фильм шығарып жібер…

0
0
688

Наурыз айының 20 мен 23 аралығында Алматыда отандық фильмдер тегін көрсетіледі

Анау мейрам, мынау мерекеде қала әкімшілігі бастап, қалған құрылымдар қостап осындай шараларды өткізетіні бар. Басқасында шаруасы жоқ халыққа пайдалы дүние деп ойлаймын, көрмей-білмей ұрысқанша, қарап-қадағалап барып пікір білдірген дұрыс-ау.Айтпақшы, кіру тегін. Тізім болса мынау: 20.03.2012: 10-30, "Chaplin Cinema" кинотеатры, Сейфуллин даңғылы, Шолохов көшесінің қиылысы, "Манго" сауда-ойын орталығы, тел.: 313-75-82 "Тюльпан" көркем фильмі 11-00, "Цезарь" кинотеатры, Фурманов даңғылы, 50, тел.: 273-05-07 "Қызғылт қоян туралы аңыз" көркем фильмі (орысша) 12-00, "Арман" кинотеатры, Достық даңғылы, 104, тел.: 264-52-46. "Бәйтерек" көркем фильмі 21.03.2012: 12-00, Silk Way City кинотеатры, Төле би көшесі, 71, Silk Way City СО, тел.: 267-74-86. "Жерұйық" көркем фильмі 12-20, Cinema Towers ки…

1
0
552

«Қара киімді әйелмен» түн өткізген Гарри Поттер

Сықырлаған еден, жабылып, ашылмай қалатын есік, тірі пендесі жоқ үйдің екінші қабатындағы терезеден қарап тұрған әйел, айдалада салынған алып үй, музыкалы ойыншықтар… Бір қарағанда «Қара киімді әйелдің» (Женщина в черном / The Woman in Black) ерекше ештеңесі жоқ: көрдің, бір-екі рет бақырдың (бақырмауыңыз да мүмкін, алайда, жүрегіңіз зірк етпей қалмайды), ұмыттың, болды. Бірақ... Фильмның жекелеген сәттерінде емес, өн бойында кездесетін әлдебір түсініксіз аура, төбеден төмен төніп тұратын мистикалық сипат, оператордың «кесірінен» пайда болатын үрей түптеп келгенде есіңізде қалатын ақырғы әсер болады. Он тоғызыншы ғасырдың соңы. Артур Киппс атты жас адвокат шалғай жатқан елді мекенге аттанады. Бастығының бұйырғаны біреу: қайтыс болған әйелдің қағаздарын реттестірмей, анықтамай, қайтпа. Бал…

0
0
795