Туған елдің түтіні де тәтті екен
Еліңнен жырақта жүріп, ертеңіңнің не күтіп тұрғанын білмеу қандай қиын... Қара жердің топырағы мен ауылымның ауасын сағынбаймын деп айтатын жырақта жүрген адам кемде кем шығар... Әсіресе, үнді елінің оңтүстігіне сапар шеккендер түсінер... Ммм, неге?! Қазақстанда жүріп қыс тым ұзақ әрі салқын, ал жазда ыстыққа шыдай алмай жүргендер, төрт жыл мезгілін көретінімізге шүкіршілік айтайық. Мұнда он екі ай бойы тас төбеңнен күн шақырайып тұруымен қатар, ылғалдылығы жоғары, қай мезгілде болмасын Қазақстанмен жарты сағат айырмашылық болса да қараңғылық сағат кешкі алтыдан қалмай түседі. Қыс мезгілі деп өздерінше айтады, бірақ ол біздің жаз екені айтпаса да түсінікті. Шелектеп жауған жаңбырдан айлап көз ашпайтын кездері болады, ал қарды бір көрсем деп армандайтын жандар қаншама... Әлемдегі ауасы ластанған 20 елдің ішінде 13 орын алады. Ал, бізде өкпені кеңге салып демалуға болады ғой, шіркін! Жоғары оқу орны тұрмақ, орта мектепті бітірмеген жандар толып жүр. Олар қайтып күн көреді десеңіздер, күзетші, тазалаушы болып жұмысқа кіреді, не болмаса көшеде шәй, тіскебасар сатып күндерін көреді, отбасын асырайды. Бірақ, сол өмірлеріне шүкіршілік айтып, жоғарыға қарай талпынбайды, көп нәрсеге қатты бас қатырмайды, өлімге де жеңіл қарайды. Мүмкін, бұрыннан касталық жүйенің сақталып қалғанынан болар, келесі өмірде бір саты жоғары дәрежеде өмір сүремін деп ойлайды. Көшеде алақанын жайып қайыр сұрап жүрген жандар өте көп... Қарапайым халықтың көп нәрседен хабары жоқ, алыс-жақын шетелдерді білмей жатады, өзге елдердің жаңалықтарын мүлдем тындамайды, әлемде не болып жатқаны қызықтырмайды. Бірақ, тапсырылған жұмыстарды жалақыларының аздығына, ауырлығына қарамастан адал, беріліп істейді. Өздерінің Құдайға деген сенімдері бөлек, әрбір жерде құлшылық ететін орындары кезігеді... Үндістан түрлі-түске боянған ел деп айтсам,артық айтқаным емес. Ақ пен қара түсті өмірлерінен тіпті көруің өте сирек. Тұрмыстары керемет деп айта алмаймын, бірақ 1 млрд. халқы бар елді басқару да, халқының алға ұмтылып, әрекет етуі қиын көрінді. Халықтың шамамен 14 млн. құлдар құрайды, олар бір үзім нанды тауып жеу үшін, орта есеппен 6 сағ. жұмыс істеу керек. Мұнда әлі некені атастыру арқылы қию сақталған, содан да болар ажырасу көрсеткіші өте төмен. Үндістан Британия елінің отары болып келгеніне қарамастан, салт-дәстүрін сақтап қалған ел. Үндістан десе әлем халқы Тадж-махал, күріш, қоспалар, сари, үнді киносы мен музыкасын, Құдайларын айта алады... Үнді еліне неге тоқталып өтті десең, елімізде болып жатқан соңғы өзгерістерден хабардармын... Қазақ деген халық ежелден дана халық екенін естен шығармайық. Басшымызды он жерден жамандайық, бағытын қолдамайық, одан кейінгі келген жанның да өз ұстанымы, бағыты болатыны анық. Қарапайым халыққа жаңа басшы ұнамаса оны да алып тастаймыз ба деген сұрақ мазаламайды ма? Өз пікірі жоқ халықтың бір тобын алып, миларына бұл басшы халық үшін қызмет етпейді деп құйып тастасаң, өзінің түйсігімен ойланып түйген ойы сияқты өзгеге айтып, жамандауға дайын тұрады. Басшы мен үкіметті жамандағаннан, өзге елге күлкі болып, бірлігі жоқ ел болып көрініп жатқанымыз айтпаса да түсінікті... Қазақтың жеріндей жер жоқ, қазақ халқына тең келер халық жоқ мен үшін... "Көш жүре бара түзілген" әрқайсысымыз кері тартып, ауызбен іс тындырып, жамандай бергенше, бір-бір отбасының тізгінін ұстап үйренейік. Қарттар үйіне ата-аналарыңды тапсыруды доғарайық, балаларды жетім қылмай, ажырасуды тоқтатайық, ер адамдар біреуге жалданса да отбасын асырауды қолға алайық, сәбилерге, әйел затына зорлық-зомбылық көрсетуді, ұрлықты жояйық және осы сияқты дүниемізде кездесіп жатқан жаман тірлікке "ЖОҚ!" деу әр адамнан басталады емес пе?! Жалған дүниеде байлықтың артынан қусаң да жетпейсің, басшыңды жамандағаннан керемет болып кетпейсің, соны түсінейік! Кедей - бай, бай - Құдай болсам дейді. Жақсысын алып, жаманын қойған Құдай... Қазағым, қолымызда бар алтынның қадірін білейік, барымыздан айырылып қалмайық. Егер де осы жазбам, Аллаға шүкір айтып, өзіңнен бастап әрекет етуге ой салмаса... P.S. Суреттер интернет желісінен алынды. Өз ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар. Пост жеке менің көзқарасым бойынша жазылды. #МенҚазақпын










