Әділет министрі Марат Бекетаев әділет органдарының қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Әділет министрі Марат Бекетаев әріптестерін тарихи мерекемен құттықтап, әділет органдарының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиында Марат Бекетаев: «16 желтоқсанда Қазақстан халқы ең басты ұлттық мерекені – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Біздің еліміз 1991 жылы Тәуелсіздік және мемлекеттік егемендік туралы заңды қабылдады, бұл уақыт ішінде қиын жолды жүріп өтіп, бүгінде барлық Орталық Азия өңірінің көшбасшысы болды» - деп атап өтті. Сонымен қатар, жиынның салтанатты бөлігінен кейін Әділет министрлігінің қызме…