Қол жетімді баспана-2020. Алматыдағы пәтерлер
Алматы қаласында 140 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлердің кілттерін алды. Алматыдағы «Алғабас-1» ықшам ауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары, мемлекеттік бағдарламаның қатысушылары үшін екі жаңа үй іске қосылды. Әбдусәметовтер отбасының қуанышы шексіз, олар жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа үйде үшеуі тұратын болады, жақын арада сәби дүниеге келмек. Әбіл Әбдусәметов жұбайымен жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін алды. Жас отбасы осы сәтті көптен бері күткен, себебі жақын арада олар балалы болады. Жас отбасының айтуы бойынша, пәтерді нарық бағасымен алу мүмкін емес еді, бүгінгі күнге дейін олар ата-анасымен тұрған екен. "Бізде барлығы дайын, тек газельді жалға алып, көше бер. Барлық коммуникациялардың іске қосылуын тосып отырмыз. Қазіргі кезде…