Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сейфуллин мен Бейсекова көшелерінің қиылысында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сейфуллин көшесі 22 және 23/2 мекен-жайы бойынша орналасқан кешеннің жалпы пәтер саны – 198, оның 74-і - бір, 88-і - екі, 20-сы – үш, 16-сы - төрт бөлмелі.

Бүгінгі таңда үйдің құжаттары дайындалу үстінде. Баспана сатып алушылар мен жалға алушылар пулының қатысушылары төлем қабілеттігін қайта растау үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне құжаттар тапсыру аяқталды.

Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы банктен төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін алғаннан кейін оларды сатып алу-сату келісімін жасау үшін шақырады.

Келісімдер Әділет департаментінде тіркелген соң несиелеу процедурасынан өткізу үшін банкке жіберіледі.

Еске салайық, осы жылдың жазында Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілген болатын.

Сонымен қатар, Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы басталып, оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған.

#mce_temp_url#

0
0
1166

Осы тақырып бойынша

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша салынған көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді - Yvision.kz