Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Астанада тұрғын үй сатып алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау аяқталды

Астанада Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі (ҚТҚЖБ) желісі бойынша пәтер сатып алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау 1-ші қазанда аяқталды. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚТҚЖБ желісі бойынша Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысында көппәтерлі тұрғын үй салынды.

Бағдарламаға қатысушылар 12 қыркүйектен 1 қазанға дейін сатып алушылар пулы мен тұрғын үйді жалға алушылардың төлем қабілеттілігіне қайта бағалау жүргізу үшін банкке құжаттарын өткізуге тиіс болатын.

Банк төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларының тізімін аптасына бір рет Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына жолдап отырады. Аталған ведомство сатып алу-сату келісімін жасап, оны Астана қаласының Әділет департаментінде тіркеу үшін төлем қабілеттілігін растаған Бағдарлама қатысушыларын шақырады. Келісімдер Әділет департаментінде тіркелген соң несиелеу процедурасынан өткізу үшін банкке жіберіледі.

Еске салайық, 2014 жылы Астанада «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Брусиловский, Иманов және Жұбанов көшелерінің қиылысында 272 пәтерлік тұрғын үй кешенінің құрылысы қолға алынды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынған мына тұрғын үйлерді биыл тапсыру көзделген: Сауран және №24 көшелердің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сейфуллин және Бейсекова көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені, Жұмабаев даңғылы мен Қордай көшелерінің арасында Айнакөл көшесінде орналасқан 3 көппәтерлі тұрғын үй кешендері.

#mce_temp_url#

0
0
477

Осы тақырып бойынша

Астанада тұрғын үй сатып алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау аяқталды - Yvision.kz