Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңес Көкшетауда көшпелі отырыс өткізді

Қоғамдық кеңеске арыз-шағым жиілеп кеткен соң, азаматтармен сол  құрылыс алаңында кездесуге тура келді. Көкшетау қаласында 150 пәтерден тұратын бес қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру мерзімі созылып кетті. Ақмола облысы әкімдігімен жасалған келісімге сәйкес, «Васильковский» шағын ауданындағы жалпы алаңы 9,9 мың ш.м. тұрғын үйлердің құрылысы 2014 жылғы қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған еді. Олардың құрылысы аяқталды, алайда коммуникациялардың болмауына байланысты, тұрғындар осы күнге дейін үйлеріне кіре алмай жүр.

«Васильковский» ықшам ауданындағы жағдай Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жанындағы Қоғамдық кеңестің екінші отырысында 22 қыркүйекте талқыланған болатын. Онда дөңгелек үстел басында жергілікті атқарушы органдар, Банк басшылары және Қоғамдық кеңестің өкілдері бірлесіп шешім табу үшін жиналды. Әкімдік өкілдері жыл аяғына дейін жаңадан қоныстанушылар көптен күткен пәтерлеріне қоныстанады деп  жұртшылықты сендірген еді. Бірақ сол кезден бастап ТҚЖБ салымшылары – пул қатысушыларының шағымдары тек арта түсті.

Коммуникацияның болмауы -  «Васильковский» ықшам ауданы болашақ  тұрғындарының шешілмеген жалғыз ғана мәселесі емес. Көкшетау шетінде бой көтерген жаңа үйлердің аумағы көркейтілмеген, жол, жаяужол, жарық дегендер жоқтың қасы. Көкшетау әкімінің м.а. Амангелді Смайылов коммуникация мәселесін 2014 жылдың аяғына дейін шешуге уәде берді. Ал ықшам ауданды көркейтуге келсек, оны көктемге дейін тосу керек. Уақытша шара ретінде қала басшылығы аумақты тегістеп, үйге апаратын кіріс жолға қиыршық тас салуға сөз берді.

ТҚЖБ қатысушы клиенттерінің көбі ыңғайсыздыққа шыдауға әзір екенін жеткізді, тек өз пәтерлеріне тез арада кірсе болды. Бүгінше кездесу қатысушыларының әрқайсысы шарттың өз бөлігін орындауға: әкімдік – жарық, жылу, су беруге, кәріз салуға, клиенттер – барлық жұмыс толық аяқталғанша дейін шыдауға келісті.

 
0
0
603

Осы тақырып бойынша