АЛТЕЛ LTE желісін Оңтүстік Қазақстанның барлық әкімшілік орталықтарында іске қосты
Біздің еншілес компаниямыз - АЛТЕЛ бүгінгі күні Қызылорда және Тараз қалаларында төртінші буындағы деректерді тарату желісін іске қосу арқылы Республиканың оңтүстігіндегі барлық облыстық орталықтарын қамтуды аяқтап отыр. АЛТЕЛ-дің жаңа ұтқыр желісі Интернет желісіне ұтқыр қатынауды жылдамдығы 100 Мбит/секундқа дейін пайдалану мүмкіндігін ұсынады, ол алдыңғы байланыс буыны желісінен 5-7 есе жылдамырақ. «АЛТЕЛ» АҚ Бас Коммерциялық директоры Ирина Савинаның айтуынша, компанияда клиентке жекеше көзқараспен қарау жолға қойылған. «Біздің Сату және қызмет көрсету орталықтарында, JET абоненттері өз құрылғыларын теңдесі жоқ шарттарда 4G ұқсас құрылғысына айырбастай алады. Жаңа абоненттерге біз әртүрлі акциялар мен LTE жабдығын сатып алуға және деректерді тарату бойынша тарифтік жоспарларға қосылуғ…




