Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

АЛТЕЛ LTE желісін Оңтүстік Қазақстанның барлық әкімшілік орталықтарында іске қосты

Біздің еншілес компаниямыз - АЛТЕЛ бүгінгі күні Қызылорда және Тараз қалаларында төртінші буындағы деректерді тарату желісін іске қосу арқылы Республиканың оңтүстігіндегі барлық  облыстық  орталықтарын  қамтуды  аяқтап отыр.

АЛТЕЛ-дің жаңа ұтқыр желісі Интернет желісіне  ұтқыр қатынауды жылдамдығы 100 Мбит/секундқа дейін  пайдалану мүмкіндігін ұсынады, ол алдыңғы байланыс буыны желісінен 5-7 есе жылдамырақ.

«АЛТЕЛ» АҚ  Бас Коммерциялық директоры  Ирина Савинаның айтуынша, компанияда клиентке жекеше көзқараспен қарау жолға қойылған. «Біздің Сату және қызмет көрсету орталықтарында, JET абоненттері өз құрылғыларын теңдесі жоқ шарттарда 4G ұқсас құрылғысына айырбастай алады. Жаңа абоненттерге біз әртүрлі акциялар мен LTE жабдығын сатып алуға және деректерді тарату бойынша тарифтік жоспарларға қосылуға жеңілдіктер ұсынамыз », - деп атап өтті ол.

LTE желісінде ақпаратты тарату жылдамдығын едәуір арттырудың арқасында, АЛТЕЛ абоненттеріне жаңа мультимедиялық сервистер қол жетімді болды, оның ішінде  жоғары сапалы көрсету жаңа бейне- және музыкалды контент, көп пайдаланушы ойындар, мониторинг жүйелері, бейнеконференциялар, интерактивті онлайн-қосымшалар және  басқалары.

Қазақстанда LTE  желісі  2012 жылғы 25 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау және кең жолақты деректерді таратуды стратегиялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана және Алматы қалаларында 1800 МГцв жиілік диапазонында  іске қосылған. 2013 жылғы желтоқсан айында желі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Есік, Қапшағай, Қарағанды, Қаскелен, Өскемен, Щучинск, Шымкент, Талғарда пайда болды. 2014 жылғы 15 мамырда  АЛТЕЛ Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент және Өскеменде Қазақстандағы алғашқы  4G/3G/2G  мультитехнологиялық  желісін іске қосты. Жақын арада Республиканың басқа қалаларында инновациялық желіні іске қосу жоспарланып отыр.

LTE  желісі  әлемнің  100 астам елінде іске қосылған, әлемде  LTE  пайдаланушыларының жалпы саны  135 млн. жуық, оның негізгі үлесі  АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияға келеді.

 
0
0
636