ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

uberX Шымкенттегі бағаларды төмендетеді

2017 ж. 6 сәуір, Шымкент: Uber, көлік жүргізушісі бар көлікке тапсырыс беретін халықаралық технологиялық компаниясы Шымкент қаласындағы жол жүрулердің бағасын төмендетті: енді ең төменгі жол жүру құны небәрі 250 теңгені құрайды. Жолдағы бір шақырымның құны енді 30 теңге, ал жол жүрудің минуты небәрі 8 теңге мөлшерінде.
Uber үлкен қалалардың барлық тұрғындарының сапарларын барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етуге тырысады.  Енді Шымкенттегі барынша көбірек қолданушы көліктерге uberX арқылы тапсырыс бере алады. Көбірек тапсырыс – серіктес көлік жүргізушілердің табыс табуы үшін көбірек мүмкіндік.
Uber барлық жаңа қолданушыларға құны 750 теңгеге дейінгі алғашқы сапарды тегін пайдалануға мүмкіндік береді. Ол үшін Uber қосымшасын орнатып, тіркелу керек және ТӨЛЕМ бөліміндегі UBER4SHYMKENT промокодын енгізіңіз. Промокод қолма-қолсыз есеп айырысу бойынша және Uber-дің тек жаңа қолданушылары үшін жарамды.
Бағаның төмендеуіне қарамастан, Шымкенттегі Uber платформасында техникалық ахуалы жақсы, шыққанына 7 жылдан аспаған, тек шетелдік маркалы автокөліктер жұмысын жалғастырады. Бүгінде Шымкентте Uber арқылы тапсырыс берілген көліктің келуі шамамен 4 минутты құрайды.
Об Uber:
Uber – бұл халықаралық технологиялық компания, жеке жүргізушісі бар көлік шақыртуға арналған аттас ұялы қосымшаның жасаушысы. Қосымша әлемнің 500-ден астам қаласы мен 80 мемлекетінде жұмыс істейді. Қазақстанда Uber қызметі 2016 жылдан бастап қолжетімді және бүгінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет көрсетеді.
Uber миссиясы – жол жүруді су құбыры секілді барлық халыққа жеңіл, сенімді әрі қолжетімді ету. Біз жұмысты 2009 жылы смартфон экранына саусақ тигізу арқылы көлікке тапсырыс беру секілді аса қиын емес мәселені шешуден бастадық. 6 жылдан кейін, екі миллиардтан астам жол жүруді қамтамасыз еткен соң, біз одан үлкен мәселе – көліктерді барынша тиімді қолдану есебінен қалалардағы көлік тығындары мен ластануды азайту жолында жұмыс істеудеміз.