Love is an irresistible desire to be irresistibly desired. Robert Frost
Uber – махаббат тілімен айтқанда! Uber Әулие Валентин күні Астана мен Алматыда ғашықтар үшін серенадаға тапсырыс беруді ұсынады
14 ақпан – Ғашықтар күні Uber Астана мен Алматыда UberSERENADA бірегей науқанын өткізеді. Тек осы күні 12:00-ден 16:00-ге дейін (Астана уақытымен), Uber қолданушылары сүйіктісіне Uber қосымшасының көмегімен нағыз серенадаға тапсырыс беруіне болады.
Серенаданы сүйіктіңізге кәсіби музаканттар мен тіпті вокалды ансамбльдер, гитарашылар, саксофоншы сынды музыкалық шығармашылық ұжымдар орындайды. Музыканттардың репертуарларында махаббат туралы танымал романтикалық әндер шырқалады. Әр ән шамамен 5 минут орындалады. Сондай-ақ музыканттар ғашықтарға естелік сыйлықтар тарту етеді.
UberSERENADA-ға тапсырыс беру үшін, қосымшада орналасқан Uber опциясындағы слайдерді қосу жеткілікті.
UberSERENADA-ның Астана мен Алматыдағы құны 2000 теңгені құрайды. Алматы мен Астанадағы жаңа қолданушылар UberSERENADA-ны жеңілдікпен 750 теңгеге тапсырыс бере алады. Ол үшін Uber қосымшасын жүктеп, SERENADAKZ промокодын енгізу керек.
UberSERENADA опциясын шамада қолдануға қолжетімді. Ақпан айында ауа райы суық болғандықтан, музыканттар серенаданы тек ғимараттардың ішінде орындайды. Сүйіктіңізге арналған UberSERENADA-ны пәтердің есігінің алдына, кафеге, мейрамханаға, кинотеатрға, сұлулық салонына, сауда үйіне және т.б. орындарға шақыртуға болады.
UberSERENADA науқандары 2015 жылдан бері өткізіліп тұрады және дәстүрлі түрде үлкен сұранысқа ие. Бірінші реттен серенадаға тапсырыс беру қиынға соқса, көңіліңізді еш түсірмеңіз!
Науқанға қатысу жолдары:
1. 14 ақпан күні сағат 12.00 мен 16.00 аралығында Uber қосымшасын ашу (немесе оны AppStore, Google Play немесе Windows Market қосымшалары)
2. Экранның төменгі жағында орналасқан UberSERENADA опциясын таңдау
3. Баратын мекенжайды, яғни серенада бағыштайтын сүйіктіңіздің орналасқан жерін көрсету (қайда тұрғаныңызды көрсетудің қажеті жоқ)
4. UberSERENADA-ға тапсырыс беру
5. UberSERENADA көлік жүргізушісінің қоңырауын күту, ол барлық қажетті ақпаратты анықтау үшін, сізбен байланысады
***
Uber туралы:
Uber – бұл халықаралық технологиялық компания, жеке жүргізушісі бар көлік шақыртуға арналған аттас ұялы қосымшаның жасаушысы. Қосымша әлемнің 500-ден астам қаласы мен 80 мемлекетінде жұмыс істейді. Қазақстанда Uber қызметі 2016 жылдан бастап Астана мен Алматы қалаларында қолжетімді.
Uber миссиясы – жол жүруді су құбыры секілді барлық халыққа жеңіл, сенімді әрі қолжетімді ету. Біз жұмысты 2009 жылы смартфон экранына саусақ тигізу арқылы көлікке тапсырыс беру секілді аса қиын емес мәселені шешуден бастадық. 6 жылдан кейін, екі миллиардтан астам жол жүруді қамтамасыз еткен соң, біз одан үлкен мәселе – көліктерді барынша тиімді қолдану есебінен қалалардағы көлік тығындары мен ластануды азайту жолында жұмыс істеудеміз.