1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.
1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға сұраныс көп. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек.…