«Classic» радиосы Ақтау қаласына да хабар тарата бастады
«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады. Ал ертең, 6 маусым күні Қазақстандағы тұңғыш классикалық музыка радиосының құрылғанына 4 жыл толады. «Classic» радиосында жүргізушілердің бірегей құрамы шоғырланған – ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірова («Культурная мозаика»), Олег Борецкий («Киноблюз») Зира Наурызбаева («Тылсым перне»), Ноэль Шаяхметов («Jazz Time»), Лиля Калаус («Классикомания»), Нұргүл Ертаева («Игра в бисер). Еліміздің ен қатаң үлгісін ұстанатын радиоэфир түрлі эксперименттерден бас тартпайды және дағдылы әуен шеңберінен асып, батыл қадамдарға барады. Қазақ ертегілері мен классикалық музыка, «Контрабаспен» сюрреалистік Зюскинд, Америкадағы қазақ сазы – мұның барлығы «Classic» радиосында орын тапты. Радиостанцияның ең маңызды жеңістерінің арасы…