Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Ұлттық арнада — «Арғымақ» драмасы

Фильмдегі басты рөлдерді Джереми Ирвин, Эмили Уотсон, Питер Муллан сомдайды. «Арғымақ» – Джоуи деген жылқы мен Альберт есімді баланың арасындағы достықты баяндайтын фильм. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Джоуиді атты әскермен бірге Франциядағы майданға алып кетеді.

Альберт соғысқа қатысуға жасы жетпегеніне қарамастан, досын құтқару үшін майданға аттанады. Ұрыс даласында түрлі қиындыққа тап болса да, түбінде достар бірін-бірі табады. Режиссер Стивен Спилбергтің туындысын бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те көріңіздер.

0
0
3365

«Соққы» драмасы — Ұлттық арнада

Ким Юн Сок, Ю А Ин, Пак Су Ён басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін 14:15-те көріңіз. Дон Ван Дыктың өмірі қиын болды.

Сәби кезінде анасы тастап кетеді. Әкесі мүгедек болатын. Ал, өзі мектепте ең нашар оқитын бала еді. Ол басқа балалармен төбелескеннен басқа ештеңе білмейтін. Алайда, Ван Дык анасының өзін ұмытпай, іздеп келгенін білгенде өмірі өзгеріп сала береді.

Ол тәртіпті бола бастайды. Сонда ғана әкесінің мұны қатты жақсы көретінін, мұғалімінің соншалықты нашар адам емес екенін,  спортзалда да жұдырықтасуға болатынын ұғады. Режиссер Ан Лидің «Соққы» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
298

Келбетте» — Қуаныш Сұлтанов

Өзбекәлі Жәнібековтің тәлімін алған қоғам қайраткерінің өмірі туралы толығырақ бүгін 13:45-те көріңіз. Қуаныш Сұлтанов жастайынан еңбек дегеннің не екенін біліп өсті. Ащы тірліктің дәмін ерте татты. Мемлекет ісіне жоғары парасатпен, өмірлік мектептен өтіп, барынша даярлықпен келген азамат қызмет баспалдақтарынан сүрінген жоқ. Жас болса да бас бола білді. 36 жасында Орталық партия комитетінің әуелі мәдениет, одан кейін ұйымдастыру бөлімдерін басқаруы – осының дәлелі. Қазақстан Комсомол комитеті, Орталық партия комите­тіндегі қызметтер – Қуаныш Сұлтановтың елге қызмет ету жолындағы алғашқы баспалдақтары еді. Қуаныш Сұлтанов – Өзбекәлі Жәнібековтей дана саясаткердің мектебінде шыңдалған еліне ардақты, халқына қалаулы азаматтардың бірі. Әлі күнге дейін халқына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқа…

0
0
391

«Жайдарман». «Туған күн»

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бүгін сағат 22.30-да «Туған күн-2015» республикалық арнайы жобасын тамашалаңыздар. Жайдарманшылар «Жайдарманның туған күнінде» өнер көрсетеді. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 22.30-да  «Туған күн-2015»  республикалық арнайы жобасын тамашалай аласыздар. Бұл сайыста бұрынғы чемпиондар мен жастар құрамасы бірігіп өнер көрсетеді. Яғни, «ҚазҰУ құрамасы» және «Жаснар», «Назар аудар» және «Сағыз». «Экспресс» және «Күлтегін», «Аралас» және «Қармақшы құрамасы» бірігіп, сайысқа түспек.

0
0
1114

Жасай бер, Қазақ елі!» мерекелік концертін көріңіз

Қазақстан эстрада әншілерінің өнерін бүгін 16:05-те тамашалай аласыздар. Елорданың 17 жылдығына орай қазақ эстрада әншілерінің қатысуымен «Жасай бер, Қазақ елі!» мерекелік концерті өткен болатын. Кешке ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, Алтынай Жорабаева және Бибігүл  Жанұзақ, Гүлзира, Нұрғали Тұрлыбеков, Естай Мұқашев, Марат Айтымбай, Нұрбол Балапанов, Диана Май, Айнұр Байнулдинова, Жанерке Хасенова, Гүлмира Жұмабекова, Сымбат Тасбергенова, Бауыржан Нұрымбетов сынды әншілер қатысты. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Астана күніне тартуы – «Жасай бер, Қазақ елі!» концертін бүгін сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
609

«Тылсым дәм» драмасын көріңіз

Рю Сын Рён, Ли Ё Вон, Ли Дон Ук сынды актерлер ойнайтын фильмді бүгін сағат 01:00-де көре аласыздар. Өмірдің кез-келген сәтіне арналған мәзір жоқ. Сондықтан, сынақ жасауға тура келеді. Бұл өмірде ащы да, тұщы да болып тұрады. Өмірдің әртүрлі дәмін тек сезімтал жандар ғана сезе алады. Махаббат – өте күрделі сезім. Режиссер  Анна Лидің «Тылсым дәм» драмасында Рю Сын Рён, Ли Ё Вон, Ли Дон Ук сынды актерлер басты рөлдерді сомдайды. Фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 1:00-де көріңіз.

0
0
851

Жұқпалы аурулар қауіпті ме?

Жұқпалы аурулардың қалай алдын алуға болады? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарын көріңіз. Жаз мезгілінде көкөніс, жеміс-жидектер пісіп, балалардың жазғы демалысы басталған кезде ішек жұқпалы ауруларының өсуі байқалады. Ең кең тараған ішек жұқпалы аурулары қатарында гастроэнтероколит, дизентерия, сальмонеллез, ротавирустық жұқпа және басқалары бар. Ішек ауруларын бактерия, вирустар және шартты патогендік микробтар туындатады. Бұл аурулар әсіресе, балалар арасында жиі кездеседі. Бактериялар суда, азық-түліктерде ұзақ сақталады, қолайлы жағдайда көбейіп кетеді. Ластанған суды, азық-түлікті пайдалану, тазалық ережесін сақтамау адамдардың сырқаттануының негізгі себебі. Жазда жиі кездесетін жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады? Алдын алу шаралары қандай? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан мамандар…

0
0
395

«Поэзия әлемінде» — Қуаныш Амандық

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білгіңіз келсе, бүгін 13:45-те Ұлттық арнаны қосыңыз. Ақын Қуаныш Амандық Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтын бітіргеннен кейін 1997 жылдан бері облыстық қазақ драма театрында жемісті еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде актер отыздан астам образ сомдаса, соның көпшілігі - негізгі рөлдер. Әсіресе, Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясында Махамбет, А.Камюдың «Калигуласында» Калигула, Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік» драмасында Мұрат сынды бірегей бейнелерді сахнаға шығарды. Қуаныш Сайлауұлы - О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының және республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы. 2008 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан театрларының республикалық ХVІ фестивалінде Калигула рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі»…

0
0
594

«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

«Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар. Темірғали Көпбаев - 1962 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақ университеті» баспасында редактор, «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. «Көзмоншақ», «Жаңғырық» жыр жинақтарының, «Қазақ радиодрамматургиясы» ғылыми монографиясының авторы. «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен сұхбат құрады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

0
0
547

Отандық велоспорттың жағдайы қалай?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуы елдегі велоспортқа арналады. Әлем елдерінде велосипед тебу спорт қана емес, өмір салтына айналып кеткелі қашан?! Велосипедтің атасы атанған неміс бароны Карл фон Дрездің «шайтан арбасынан» бастап бүгінгі қазақстандық, отандық «Номад» велосипедтеріне дейінгі аралықта талай дүние өзгерді. Бірақ,  халқымыздың санасында «велосипед тебу ересек адамдарға жараспайды», деген ұғым әлі бар. Оған күні бүгінге дейін  баланың ермегі ретінде қараймыз. Бұл көзқарасты қалай өзгертуге болады?  Елімізде велоспорттың бүгінгі даму деңгейі қалай? Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.

0
0
334