Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Г.Головкин – А.Уорд жекпе-жегін ұйымдастырушылар ортақ келісімге келе алмады

Орта салмақта көш бастап тұрған Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен супер дивизионда үздік деп танылған Андре Уорд (28-0, 15 КО) арасындағы мегафайт нұсқасын пысықтауы кедергіге тап болды, деп жазады inform.kz.

«Roc Nation Sports» (А.Уорд ) пен «K2 Promotions» (Г.Головкин) әзірге ортақ келісімге келе алмаған.

«Уорд Геннадий Головкинмен келесі кезекте жұдырықтасқысы келеді, алайда 74,4 келі салмақта бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді инсайдер.

Геннадий Голвкин мен Андре Уорд келесі жекпе-жектерін күзде өткізуді жоспарлауда.

0
0
151

«Өнер шежіресі». Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы

Қылқалам шебері туындыларының ерекшеліктері туралы бүгін 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз. Ерболат Төлепбайдың кескіндеме туындылары — Қазақстанның соңғы жылдары көркемсурет мәдениеті саласында пайда болған бірден-бір әрі бірегей құбылыс. Қазіргі заманның қазақ халқына ала келген ғаламат өзгерістерін жинақтап көрсету — суретшінің алдына қойған мақсаты. Сальвадор Далидің сюрреализм дәстүріне ден қоя бастаған Ерболат Төлепбайды бір кездері қатарластарының бірі «қазақтың сюрреалисі», деп атаған еді. Сол сөз шындыққа айналғандай. Расында да, Ерболат Төлепбай шығармашылығында көптеген параметрлер бойынша Сальвадор Далимен іштей диалог жүріп жатады. Оны қылқалам шеьерінің «Қалага келген жаңа бала» (Қонақтар), 1981 жыл, «Алыс ауылдағы жайылымнан оралу», 1982 жыл, «Балкон», «1987 жыл» сияқты туынд…

0
0
938

Чемпиондар Лигасы. «Астана» словениялық «Марибор» клубын ұтып, келесі кезеңге өтті

«Астана-Арена» стадионында Чемпиондар Лигасы аясындағы 2-ші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен словениялық «Марибор» арасындағы матч аяқталды.

Алғашқы кездесуде есе жіберген (0:1) елордалық «Астана» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» сапынан голды Бауыржан Джолчиев (12 мин), Рохер Каньяс (43 мин) пен Патрик Твумаси (58 мин) салды. Ал, «Марибор» командасынан 39-шы минутта Александер Райчевич мергендік танытты.

Енді қазақстандық «Астана» клубы финляндиялық «ХИК» клубымен кездеседі.

0
0
168

«Барыс» хоккей клубы екі ойыншымен келісімшарт жасасты

Астаналық «Барыс» хоккей клубы екі жас шабуылшы Александр Мелихов және Кирилл Балдинмен келісімшартқа қол қойды.

Екі ойыншы биыл «Жас шабуылшы ҚХЛ – 2015» атанған. «Барыс» клубы екі шабуылшымен 3 жылдық келісімшарт жасасқан.

Сондай-ақ, «Барыс» клубы 1997 жылы туған жас қорғаушы - Артем Бакушинмен келісімшартқа отыруға ниетті.

0
0
245

«Қызыл сарайдағы түс» романы Цао Сюэцинь қайтыс болғаннан кейін жарыққа шықты

Цао Сюэциннің атақты романы 120 бөлімнен тұрады. Қытайдың әйгілі жазушысы Цао Сюэциннің шын есімі – Цао Чжань. Цао бала кезінде ата-анасынан жетім қалады. Кейін есейіп, отбасылы болған кезде әйелінен, қартайған шағында балаларынан айырылады. Цао Сюэцинь – жан-жақты талантты жан еді. Суретті жақсы салатын, каллиграфиямен айналысып, өлең жазатын, қолөнер және емдеу ісі жөнінен де хабары болған. Алайда, Сюэциннің есімі тарихта «Қызыл сарайдағы түс» романымен қалды. Цао ауқатты отбасынан шыққан. Цао әулеті императордың қызметінде жүріп жауынгерлік айбыны үшін жоғары жетістікке жетеді. Мысалы, олардың қатарында гарнизон қолбасшысы, император әскерінің капитаны және т.б. бар. Ал, Цао Сюэциннің өзі Цао Инаның немересі еді. Жеңіл өнеркәсіп саласында шенеунік болған Цао Ина – өте сауатты адам. Әрі…

0
0
1478

Алматының мыңжылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлы күндерінің қатарына енгізілді

Толығырақ 17:30-дағы «Жаңалықтардан» біле аласыздар.

Алматы шаһарының мыңжылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның мерейтойлы күндерінің қатарына енгізілді. Бұл туралы бүгін тарих ғылымдарының докторы, Профессор Карл Байпақов хабарлады. Сондай-ақ, жуырда  ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне үміткер ретінде Алтайдағы Берел асуы мен Есік қаласы және Боралдай кенті ұсынылмақ. Қылқалам шеберлері осыдан алты жыл бұрын бастаған «Мәңгілік ел» триптихы бүгін көрермен назарына ұсынылды. Қазақтың өткені мен бүгінінен сыр шертетін көркем дүние Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Осы және өзге де маңызды ақпараттарды бүгін 17:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
275

Астанада 24 шілде күні грек-рим, еркін және әйелдер күресінен «Президент Кубогы» өтеді

Турнирге Қазақстан Ұлттық құрамасы 2 құраммен қатысады. Сондай-ақ, «Президент кубогы» жарысына Ресей, Үндістан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия және Беларусь елінің палуандары қатыспақ. Грек-рим күресінен сынға түсетін елдер: Қазақстан, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Грузия, Беларусь. Еркін күрестен бозкілемге шығатындар: Қазақстан, Үндістан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия. Әйелдер күресінен «Президент Кубогына» қатысатын елдер: Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан. Қазақстан Ұлттық құрамасының «Президент Кубогына» қатысатын палуандар тізімі: Еркін күрес, 1 құрам: 57 кг: Расул Қалиев, 61 кг: Дәулет Ниязбеков, 65 кг: Мейіржан Әшіров, 70 кг: Нұрлан Бекжанов, 74 кг: Жігер Зәкіров, Ақжүрек Таңатаров, 86 кг: Азамат Дәулетбеков, Ералы Әбдірашев,…

0
0
657

Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те

«Қайрат» пен «Алашкерт» командаларының кездесуі осы аптадағы айтулы жаңалықтардың бірі болды. 16 шілде күні «Қайрат» пен армениялық «Алашкерт» өзара кездесіп, 3:0 есебімен алматылық  команда алға шыққан еді. Енді 23 шілдеде «Қайрат» армениялық клубты жеңсе,  онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, «Абердин» сырт алаңда «Риеканы» 3:0 есебімен жеңген. Осы аптаның тағы бір айтулы жарысы  Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия мен Қазақстан арасындағы 1/4 финалының матчтары аяқталды.

Аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтарын «Sport.kz» хабарынан бүгін 12:45-те көре аласыздар.

0
0
721

«KAZsport» телеарнасы «Алашкерт» – «Қайрат» ойынын тікелей эфирде көрсетеді

23 шілдеде Ереванда Еуропа Лигасы аясындағы «Алашкерт» - «Қайрат» арасындағы қарымта ойын өтеді.

Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» командасы «Алашкертті» 3:0 есебімен жеңген еді.

Осылайша егер 23 шілдеде «Қайрат» армениялық «Алашкерт» клубын айналып өтсе, онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, «Алашкерт» пен «Қайрат» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде 23 шілде күні сағат 20:50-де көре аласыздар.

0
0
190

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбов қарсыласын 27 секундта ұтты

Қазақстандық Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі 7-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол Мичиганда (АҚШ) өткен кездесудің 27 секундында 25 жастағы Райан Хогансты нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, бұл Бақтиярдың ең жылдам жеңісі емес. Ол 2012 жылы Жозе Брюйерді 9 секундта ұтқан еді.

Осыған дейін орта салмақта (72,5 келі) сынға түскен Б.Эюбов осы жолы жартылай орта салмаққа (66,6 келі) ауысуды шешкен. Жалпы Бақтияр кәсіпқой шаршы алаңда 7 жекпе-жек өткізген.

Енді қазақстандық кәіпқой боксшы оның карьерасын қолдайтын демеушілер іздестіруде.

0
0
229