Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Елордада дарынды балаларға арналған «Astana EnglishSchool» гимназиясына оқушылар қабылдау басталды

Мектепте оқыту қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 1 қыркүйекте Астананың сол жағалауында «Батығай» тұрғын үй кешенінің жанында  дарынды балаларға арналған № 81 Astana EnglishSchool» гимназиясы ашылады.

Мектепте қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ беріледі. Бүгінгі күннен бастап гимназияда конкурсты ақылы негізде оқуға 1-7 сыныптарға оқушылар қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  Атап өтейік, биыл 1 қыркүйекте елордада жаңадан үш мектеп жұмысын бастайды.

Жаңа оқу жылында елордалық 17 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен оқу жылына қарағанда  2 мың оқушыға көп.

0
0
238

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды. Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
388

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Келін» телехикаясы аяқталды

Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартты. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Келін» үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде телетуындының қорытынды бөлімі көрсетілді. Мың жарымға тарта бөлімі бар «Келін» телехикаясы мыңдаған көрерменнің көңілін баураған еді. 2014 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның арнайы шақыруымен Астанаға «Келіндегі» басты кейіпкер Анандидің бала кезін сомдаған актриса Авика Гор биыл елімізге туындыда Шивтің рөліндегі актер – Сиддхарт Шукла келді. Ал, «Келіннің» орнына бүгін «Жүрегім сізге аманат» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартпақ. Фильм отбасылық құндылықтарды насихаттайды. 2012 жылы Филиппинде көрсетіле бастаған телехикаяның рейтингі өте жоғары болған. Туынды азиялық фестивальдер мен конкурстарда оннан аса марапат…

1
0
1602

Чемпиондар Лигасы. «Астана» клубы «ХИК» командасын 4:3 есебімен ұтып, плей-офф кезеңіне шықты

Бүгін «Астана-Аренада» Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» финляндиялық «ХИК» командасымен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық команда Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Сонымен қатар, «Астана» клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Еске сала кетейік, алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.

1
0
251

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86 телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды. Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады.  Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады.

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
597

«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуына тележүргізушісі керек.

Қойылатын талаптар:

жоғары білімді;

саясаттанушы мамандығы болғаны;

жасы 30-50 аралығында;

саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптап, сценарий жазуға қабілетті болуы тиіс.

Резюмені мына электронды поштаға жолдау керек: [email protected]

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717) 2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

0
0
426

Бүгін – «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы басталады

Фильмді Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көре аласыздар. Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрерменге жол тартады. Телехикая сюжеті бойынша, қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді. Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге аттанады. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Жат қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті – әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай. Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың…

0
0
1101

Бүгін «KAZsport» Чемпиондар Лигасы аясындағы «Астана» — «ХИК» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін елордалық «Астана» футбол командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Финляндияның «ХИК» клубын қабылдайды.

Хельсинкиде өткен алғашқы ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Еске сала кетейік, «Астана» мен «ХИК» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы бүгін сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
448

Қазақстандық Олжас Абраев УЕФА комитетіне қайта сайланды

30 жастағы қазақстандық маман Олжас Абраев футзал, жағажай футболы бойынша УЕФА комитетіне қайта сайланды.

Олжас Абраев 2011 жылдан бастап футзал және жағажай футболы бойынша УЕФА комитетінің мүшесі. Ол УЕФА атқарушы комитетіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Болгария құрамасының бұрынғы қақпашысы Борислав Михайлов УЕФА комитетінің төрағасы болып қала береді.

0
0
227

Әлем чемпионаты. Дмитрий Баландин 50 метр брасста жартылай финалға шықты

Бүгін Қазанда (Татарстан) су спортынан Әлем чемпионатында 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден іріктеу сындары өтті. Бүгін Қазанда (Татарстан) су спортынан Әлем чемпионатында 50 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуден іріктеу сындары өтті. Қазақстандық Дмитрий Баландин іріктеуде 13-ші нәтиже (27,47 сек) көрсетіп, сайыстың жартылай финалына жолдама алды. Бүгін ол әлемнің үздік 16 спортшысымен финалдық жолдаманы сарапқа салмақ. Ал, іріктеу кезеңінде Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Кэмерон Ван Дер Бург 50 метрді 26,62 секундта жүзіп өтіп, әлемдік рекордты жаңартты. Осыған дейін Дмитрий 100 метрлік (брасс) финалына шығып, 4-ші орынға ие болған еді. Ол 100 метр қашықтықты 59,42 секундта жүзіп өтті. Ал, сайыста әлемдік рекордшы ұлыбританиялық Адам Пити (58,52 сек) жеңіске жеткен.…

0
0
256