Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Құқық қорғау органдарының дағдарыстық жағдайлардағы өзара әрекеттестігі көрсетілді.

Қарағанды облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы қызметкерлерінің қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтті. Шара барысында құқық қорғау органдарының дағдарыстық жағдайлардағы өзара әрекеттестігі көрсетілді. Оқу-жаттығу объектілерінің бірі  - қалалық әкімдік ғимараты. Жаттығу барысында мұндағы қызметкерлер мен келушілер қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

0
0
350

«Алып тұлғалар». Абылай хан

Бүгін 23:40-та Ұлттық арнадан көріңіз. Хан Абылай (1771-1781) – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекет қайраткері. Ол ел билеген кезде мемлекеттік құрылымға айтарлықтай өзгертулер енгізген тұлға. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер. Абылай хан сырттағы қауіппен күресе жүріп, қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады. «Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті», деп жазады Мемлекет басшысы Н.Назарбаев. Бүгін 23:40-та Хан Абылай тура…

0
0
497

«KAZsport» Чемпиондар Лигасы аясындағы «Астана» — «ХИК» матчын тікелей эфирде көрсетеді

5 тамыз күні елордалық «Астана» футбол командасы Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында финляндияның «ХИК» клубын қабылдайды.

Хельсинкиде өткен алғашқы ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан еді.

Еске сала кетейік, «Астана» мен «ХИК» арасындағы ойынды «KAZsport» телеарнасы 5 тамыз күні сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

1
0
295

Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар.

«Қызыл сарайдағы түс» – 18 ғасырда жазылған  роман. Оның желісінде түсірілген аса күрделі  телехикая Цин династиясы кезеңіндегі тұрмысты баяндайды. Фильм атауының қос  мағынасы  бар. Бірі  - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса,  екінші мағынасы 5-ші бөлімде  басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі. Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды.  50 бөлімдік  туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясын дүйсенбі-жұма күндері Ұлттық арнадан сағат 19:35-те тамашалай аласыздар.

0
0
367

Қазақстандық баскетболшы қыздар (U-16) Азия чемпионатында Сингапур құрамасына ұтылды

Баскетболдан қыздар арасындағы (U-16) Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар Сингапур командасынан ұтылып қалды.

Біздің қарсыластарымыз ойын басталған сәттен басымдық танытып, жарыстың соңына дейін қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Қорытынды есеп: Сингапур пайдасына 76:63 (21:13, 17:18, 16:10, 22:22).

Ертең біздің қыздарымыз Гонконг командасымен ойнайды.

1
0
412

«Данышпан Уилл Хантинг» драмасын көріңіз

Режиссер Гас Ван Сенттің фильмінде Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек ойнайды.

Уилл Хантинг — 20 жасар бостондық данышпан.  Қит етсе басы бәлеге қалады. Полиция оны кезекті төбелесте тұтқындағанда математика профессоры оны өз қамқорлығына алады. Бірақ бір шартпен: Уилл психотерапия курсынан өтуі тиіс. Сенбеушіліктен басталған «қайта тәрбиелеу» сеанстары  біртіндеп Уилл мен оның ұстазының достығына ұласады.

Мэтт Дэймон, Робин Уильямс, Бен Аффлек негізгі кейіпкерлерін сомдаған «Данышпан Уилл Хантинг» драмасын бүгін 22:25-те тамашалай аласыздар.

0
0
1809

«Мақшардан жеткен хаттар» драмасында

Басты рөлдерде – Ким Джэ Джун, Хан Хё Чжу.

Саки есімді  қыз  жақындары мен туыстарының хабарын о дүниеге жеткізетін хат тасушыны кездестіреді. Хат тасушы о дүниеге орала алмайды, себебі, Жер бетінде оның аяқталмаған ісі бар. Бұл іс өзінің сүйіктісінің өліміне сене алмай жүрген Сакидің күйзелісі еді.

Режиссер Хиунг-мин Лидің «Мақшардан жеткен хаттар» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да көре аласыздар.

0
0
1482

Михаил Кукушкин теннистен Президент Кубогында жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Астанада аяқталған халықаралық «President’s Cup-2015» турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда Кукушкин ресейлік Евгений Донскойды 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Сонымен қатар, әйелдер арасында да турнирдің жеңімпазы анықталды. Финалға дейін ешкімге дес бермеген ресейлік Ксения Первак өзінің отандасы Натела Дзаламидзеге қарсы ойында 6:6 есебінде жарысты жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде Дизаламидзе турнирдің жеңімпазы атанды.

0
0
200

«Ұлттық шоуда» — кино майталмандары

Бүгін 21:00-де «Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабары кино әлеміне сапар шекпек.

Кино өнері – әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын өнер. Көріністі әр тұстан қамти бейнелеу, адам өмірі мен табиғат құбылыстарын нанымды көрсете алу, сондай-ақ кадрларды үйлестіре құрау екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Себебі, фильмді бір кезекті миллиондаған адамдар көреді. Ал, сол миллионның көңілінен шығатындай туындыны өмірге әкелу үшін еңбек аздық етеді, оған табиғи дарын, ұшқыр қиял қажет.   Фильмді жасау жолында тер төгетін әр алуан мамандықтағы қызметкерлер -  кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитордың еңбегі өз алдына жеке әңгіме.

Бүгін  21:00-де «Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабары кино әлеміне сапар шекпек.

0
0
369

«Айтыстан үзінді». Ұлттық арна бейнеқорынан

Осыған дейін эфирден берілген айтыстардың арасынан ең үздіктерін бүгін 12:35-те тамашалай аласыздар.

Қазақтың қасиетті өнері – айтыс қазақ даласында XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалма түрде орындалуы. Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, тапқыр ақын болса да шындықтан жалтарып кете алмаған. Ақындар тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иген. Бұлтартпас уәж, шындыққа құрылған бір ауыз сөз айтыс тағдырын шешіп кететіні де осыдан.

Осыған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бірқатар жыр додасы көрсетілді. Солардың арасынан ең үздіктерін бүгін 12:35-те көре аласыздар.

0
0
741