«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды
Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды. Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының плей-офф сынында Францияның «Бордо» футболшыларымен кездеседі.

Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды. Еске салайық, бұның алдында «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звезданы» жолынан ығыстырса, екінші кезеңде «Алашкерт» клубынан басым болды. Үшінші кезеңде шотландиялық «Абердин» командасын ұтты.
