Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Ғасырлар үнінде» — Абай әндері

Абай әндері халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, қалың бұқараның игілігіне айналды.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев  музыкада да айтарлықтай мұра қалдырды. Ақын асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыка бағытында мұндай мүмкіндігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ, тек халықтық музыка дәстүрі  қалыпта еді. Сондықтан, Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса жетті. Десек те, Абай әндерінің бүгінге толық жеткен себебі - олар халықтың жан дүниесіне сай, табиғатына жақын болғандықтан, халық санасынан өшпес орын алған. Абай әндерінің ерекшелігі неде?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:40-та «Ғасырлар үнін» көріңіз.

0
0
833

Бүгінгі тұсаукесер дәстүрі

«Әйел бақыты» хабарында әнші Сәкен Майғазиев қызы Раянаның тұсаукесер тойындағы қызықтарымен бөліседі.

Қазақтың тұсаукесер дәстүрі – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл – біреудің ала жібін аттамасын деген ұғым. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Ал, бүгінгі тұсаукесер дәстүрі қалай орындалып жүр? Дәстүрдің ережесі сақталған ба? Тұсауды кімге кестірген дұрыс?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарында әнші Сәкен Майғазиев қызы Раянаның тұсаукесер тойындағы қызықтарымен бөліседі.

0
0
934

«Ордабасы» — «Қайрат» матчын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Осы аптада футболдан Қазақстан Премьер лигасының екінші кезеңдегі ойындары басталады.

23-ші турда шымкенттік «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдайды.

14 тамызда өтетін ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
184

Әйел бақыты деген не?

Сынаққа құрылған мына өмірде тағдырымызды тоз-топалаңға ұшыратып алмас үшін қарекет жасауға талпынамыз. Бақыттың түпкі тінін әркім шама-шарқынша шамалайды. Ес білгенімізден әжемізге, анамызға, әпке-сіңлілерімізге, құрбыларымызға әйел бақытын тілеген ақжарылқап ізгі ниеттерді естіп жатамыз. Шын мәнінде әйел бақыты деген не? Әйел бақыты – қосағыңмен бірге ағарып, ана деген аяулы сезімді өне бойыңнан сезіну. Заман ағымы жеке тұлға ретінде өзіңді қалыптастыруға ат салыса отырып, сүйікті ісімен де шұғылдануды талап етеді. «Әйел бақыты» бағдарламасы екі жыл бойы әр адамның тағдырына бей-жай қарамауды насихаттап келеді. Жаңа маусымда көрерменді елең еткізетін әсерлі оқиғалар, көңілге қонымды тұщымды жауаптар, кәдеге жарататын пайдалы кеңестер орын алады деп күтілуде. Ерекшелігі – деректі драмала…

5
0
3646

«Бордо» — «Қайрат» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында франциялық «Бордо» клубы алматылық «Қайрат» командасымен кездеседі.

Алғашқы ойын 20 тамызда (21 тамызға қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді. Ал, екінші матч Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те өтеді. Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.

0
0
312

«Қазақстан» телеарнасының премьерасы: «Қызыл сарайдағы түс» атты тарихи дастан

Қытай тарихындағы танымал теленовеллалардың бірі «Қызыл сарайдағы түс» атты хикаясы 3 тамыздан бастап қазақстандық экраннан көрсетеле бастады. Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді. «Қазақстан» телеарнасы өте күрделі, әрі әдемі және сазды тілде, ежелгі қытай - мандарин диалектісінде түсірілген 50 сериялық телехикаяның күрделі синхрондық дубляжын іске асырды. Хикая 2010 жылы Азияда телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 млн. $. Хикаяның бас кейіпкері Цзя Баоюй отбасында әйелдері басым түскен ауқатты отбасының мұрагері («Қызыл сарай» деп аталуының бір мәні – «ауқатты отбасылардың қыздары өмір сүретін үй-жай»; атаудың басқа бір дереккөзі – бес…

0
0
1465

НТК «Казахстан» завершил трансляцию популярного индийского художественного фильма «Келін»

Телеканал «Казахстан» завершил трансляцию одного из самых рейтинговых сериалов отечественного телевещания – индийского художественного фильма «Келін». 4 августа в эфире прошел заключительный эпизод. Более трех лет вещания, почти полторы тысячи серий – захватывающий сюжет сериала «Келін» приковал к себе внимание миллионов казахстанцев. Все они ежедневно переживали любовь, разочарование, предательство и интриги вместе с героями фильма. Затаив дыхание ждали полюбившихся актеров в Казахстане. В 2014 году по специальному приглашению РТРК «Казахстан» Астану посетила Авика Гор – исполнительница роли Ананди. А в 2015-м в столице с фурором прошел визит СиддхартаШуклы – Шив из сериала «Келін». Оба актера провели встречи с фанатами, каждая из которых собирала тысячи людей. А сегодня, 5 августа на от…

1
0
1707

Үндінің танымал «Келін» телехикаясының «Қазақстан» телеарнасындағы көрсетілімі аяқталды

"Қазақстан" телеарнасы отандық телекөрсетілімінің рейтингті хикаяларының бірі - "Келін" үнді көркем фильмін көрсетуді аяқтады. 4 тамызда эфирде қорытынды эпизоды көрсетілді. Бір жарым мың серияға татитын "Келін" хикаясының әсерлі сюжеті өзіне мыңдаған қазақстандықтардың назарын баурап та үлгерді. Олардың барлығы дерлік фильмнің кейіпкерлерімен бірге күн сайын махаббаттың, өкініштің, сатқындыкқтың және шын-шытырманның куәсі болды. Өздері сүйіп үлгерген актерлерінің Қазақстанға келуін асыға күтетін.2014 жылы "Қазақстан" РТРК арнайы шақыруымен Астанаға Ананди ролінің сомдаушысы-Авика Гор келсе, үстіміздегі жылы Астанада "Келін" хикаясындағы Шив-Сиддхарт Шукланың келуі фурормен өтті десе де болады. Қос актер де мыңдаған адамнан құралған фанаттарымен кездесіп үлгерді. Ал бүгін, 5 тамызда «Қаза…

0
0
1595

Қазақстан» телеарнасы жаңа телемаусымда көрермендерге шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ

Тағы көп сезім! Тағы көп оқиға! Тағы көп кездесу! Тағы көп кедергі! Тағы көп шоу! Тағы көп драма! "Қазақстан" телеарнасы жаңа маусымның көрсетілімін бастауға әзір. "Қазақстанның" ең мықты деген жобалар командасы көрермендерге эфирде әлі де көп шын-шытырман эмоциялар ұсынбақ. Жаңа маусымға "Қазақстан" телеарнасы миллиондаған қазақстандықтар сүйіп үлгерген рейтингті жобаларымен кірмек. 17 тамызда, таң 7.00-де Ирина Тэн мен Жансерік Берікқазыұлының позитивті көңілімен ататын болады. "Таңшолпан" таңғы шоу жүргізушілері көрермендермен жаңа жаңалықтар және жағымды эмоциялармен, пайдалы кеңестермен бөлісіп, қызықты және позитивті адамдармен сөйлесу үшін эфирге шығатын болады. Бұрынғы таныстармен жаңа кездесулер Құрманбек Жұмағалидің сенбілік кештерін көркейтетін болады. "Сенбілік кездесу" 22 там…

0
0
1680

Кәсіпті қалай бастауға болады?

«Айтуға оңай...» хабарының қонақтары бүгін 21:05-те ақыл-кеңестерімен бөліспек. Бүгінгі жастың – талабы зор. Оған дәлел жас та болса, бойындағы дарынын кәсіпке айналдыра білген жандардың көптігі. Яғни, бірі қолөнерге бейім, бірі аспаздыққа, бірі тігіншілікке, енді бірі ұлттық өнерді дамытып жүр. Тіпті, сәнге құмар жандардың бет-әлбетіп әрлеп те пайда табуға болатынын біледі олар. «Қолы қимылдағанның ғана аузы қимылдайтынын» бүгінде жұрттың бәрі түсіне бастады. Яғни, «жұмыс жоқ» деп бос жүрмей немесе түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырып, «қашан қызметке алады?!» деп күтіп отырмай, өз бетінше әрекет ететін, тіршілік жасауға талпынатын жандардың қарасы көбейді. Ал, сол жастарға мемлекеттен қандай да бір қолдау бар ма? Олардың шығынын кім өтейді? Бүгінгі «Айтуға оңай...» талабы таудай жас…

1
0
379