Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Кәсіпті қалай бастауға болады?

«Айтуға оңай...» хабарының қонақтары бүгін 21:05-те ақыл-кеңестерімен бөліспек. Бүгінгі жастың – талабы зор. Оған дәлел жас та болса, бойындағы дарынын кәсіпке айналдыра білген жандардың көптігі.

Яғни, бірі қолөнерге бейім, бірі аспаздыққа, бірі тігіншілікке, енді бірі ұлттық өнерді дамытып жүр. Тіпті, сәнге құмар жандардың бет-әлбетіп әрлеп  те пайда табуға болатынын біледі олар. «Қолы қимылдағанның ғана аузы қимылдайтынын» бүгінде жұрттың бәрі түсіне бастады. Яғни, «жұмыс жоқ» деп бос жүрмей немесе түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырып, «қашан қызметке алады?!» деп күтіп отырмай, өз бетінше әрекет ететін, тіршілік жасауға талпынатын жандардың қарасы көбейді. Ал, сол жастарға мемлекеттен қандай да бір қолдау бар ма? Олардың шығынын кім өтейді?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» талабы таудай жастарды студияға қонақ етпек. 21:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

 
1
0
377

Осы тақырып бойынша

Кәсіпті қалай бастауға болады? - Yvision.kz