«Ордабасы» — «Қайрат» матчын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Осы аптада футболдан Қазақстан Премьер лигасының екінші кезеңдегі ойындары басталады.

23-ші турда шымкенттік «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдайды.
14 тамызда өтетін ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
