Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Ләззат Жүнісова: «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңа маусымы жарқын әрі ұмытылмас әсер қалдыратындай болады

Тамыздың соңында «Сенбілік кездесу», «Әйел бақыты», «Түнгі студияда», «Қазақстан дауысы» мега-жобасы, «Намыс дода» спорттық-ойын-сауық шоуы сияқты рейтингтік жобалар эфирге шыға бастайды,-дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. «Біз жобаларымызды нысанаға дәл тиетіндей етіп жасауға тырыстық. Тақырыптар, оқиғалар, сюжеттер көрермендердің жанына жақын тиетіндей, ой салатындай, мазалайтындай, көрерменнің көкейіне қонып, жүрегіне терең бойлайтындай жасалды» - дейді Л.Жүнісова. Негізгі жобалардан басқа телеарнаның бағдарламалық кестесіне өзіндік өндірістегі телехикаялар мен рейтингті шетелдік контент те енгізілетін болады. Дәл қазір «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының телехикаялық кестесі екі шетелдік және үш отандық өндірістегі фильмдермен ұсынылып отыр. «Қазақстан» Р…

3
0
426

Түркиялық жеңіл атлет Аслы Чакын Алптекин допинг қолданғаны үшін Олимпиада алтынынан айырылды

Лозаннада Спорттық төрелік соты (CAS) түріктің жүйрігі Аслы Чакын Алптекиннің 2010 жылғы 29 шілдеде көрсеткен нәтижесінің күшін жоятын шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оған себеп - тыйым салынған препаратты қолдану.

Спортшы Лондон Олимпиадасында 1500 метр қашықтықта жеңіп алған алтын медалін қосқанда, бірқатар наградаларынан айырылды. Бұдан басқа, атлет 8 жылға жарысқа қатысу құқығынан айырылды, жаза мерзімі 2021 жылғы 9 қаңтарда аяқталады.

0
0
212

Абель Санчес: Геннадий Головкин Давид Лемьені нокаутқа төртінші раундта жібереді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес алдағы қарсыласы канадалық боксшы Давид Лемьені жекпе-жекте уақытынан бұрын жеңетінін айтады.

«Екеуі де жекпе-жек кезінде бір-бірінен қауіптенеді. Ал, екінші раундтан бастап Г.Головкин джеб әдісін пайдаланып, қарсыласы Д.Лемьені ұра бастайды. Үшінші раунд екі боксшы үшін де маңызды болмақ. Төртінші раундқа келген Геннадий Головкин Давид Лемьені нокаутқа жібереді», - дейді Абель Санчес.

Еске сала кетейік, WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылдың 17 қазанында (Астана уақытымен 18 қазан) АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады.

Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
240

Жаңа телемаусымда көрермендер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Мұрат Әбеновтың «Серпіліс» ток-шоуын тамашалайтын болды

«Серпіліс» атты жаңа бағдарлама 11 қыркүйекте эфирге шығады.

11 қыркүйектен бастап, Ұлттық арна эфиріне «Серпіліс» атты қоғамдық-саяси ток-шоу шығады. Мұнда мемлекет және қоғам қайраткерлері аптаның маңызды оқиғаларын, өзекті мәселелерін, қызықты тақырыптарын талқыға салады. Хабарды қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жүргізеді. 

0
0
333

Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер — «Таңшолпанда»

Ағайынды өнерпаздардың сұхбатын Ұлттық арнадан көріңіз. 2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауында орындайтын әннің тұсаукесері жасалды. Тамыздың 19-да Алматыда жаңа әнге, сондай-ақ «Футбол» әніне бейнебаян түсіріледі. Таңғы бағдарламада қонақта болған ағайынды Жүгінісовтер осы және өзге де шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті. «Ертең Алматыға жол жүргелі отырмыз. Ондағы мақсат – «Тәуелсіз елім» атты әнімізге бейнебаян түсіру»,-дейді Рүстем Жүгінісов. «Жуырда жазылған «Футбол» әнінің авторы Ғалия Шаудырбаева. Сөзі де сол кісінікі. Қазақ футболына арналған ән жоқ. Сол себепті, футболшыларымызды қолдау мақсатында осы әнді жаздырдық»,-дейді өнерпаздар. «Біз бір-бірімізге керек екенімізді әсіресе, сахнаға шыққанда түсінеміз. Сахнада жалғыздан гөрі, үшеуіміз қатар т…

0
0
624

Кенже Жұманұлы: Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгіздік

«Қазақстан дауысы» шоуы 20 қыркүйектен бастап тағы эфирде.

«Қазақстан дауысы» жобасы биыл үшінші маусымын ашпақ. Осыған жоба директоры  Кенже Жұманұлы пікір білдірді. «Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымы өте қызықты болмақ.  Халыққа жақын болуы үшін биыл біраз өзгерту енгіздік. Мысалы, тәлімгер Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді. «Нар тәуекел» атты жаңа кезең енгіздік. Нағыз шайқастың қызатын кезі де осы кезең. Сондай-ақ, бұрынғы сайыстарға да өзгерту енді. Үшінші маусым алдыңғыларға қарағанда, анағұрлым қызықты болады»,-дейді жоба жетекшісі.

0
0
201

Шипажайға жолдама ұтып алыңыз!

«Әйел бақыты» ұжымы ұйымдастырған «Біздің әулеттің хикаясы» сайысына қатысып, «Оқжетпес» шипажайына (Бурабай) жолдама ұтып алыңыз.

Ол үшін отбасыңыздағы қазыналы қариялар мен ата-анаңыздың басынан өткерген естен кетпес оқиғаларымен бөлісулеріңіз қажет. 
Сайыс шарты:
1. Әсерлі әңгімеңіздегі кейіпкердің фотосы;
2. Ерекше оқиға желісі;
3. Өзіңіз туралы қысқаша мәлімет пен байланыс телефондарын көрсетіңіз.
Осы ақпараттарды [email protected] мекенжайына жолдайсыз.

Сайыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

#ӘйелБақыты #ЛәйләСұлтанқызы #Оқжетпес #БіздіңӘулеттіңХикаясы

1
0
1001

«Қазспорт» телеарнасы дзюдодан Әлем чемпионатын көрсетеді

«Қазспорт» телеарнасы («Қазақстан» республикалық телерадикорпорациясының құрамына кіреді) 24-30 тамыз аралығында өтетін дзюдодан Әлем чемпионатын тікелей эфирден көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК Баспасөз қызметі хабарлайды. «Дзюдо Федерациясы» РАА мен «Қазақстан» РТРК» АҚ арасында алғаш рет Қазақстанда өткелі отырған дзюдодан Әлем чемпионатын трансляциялаудаң эксклюзивті құқығын беру жайлы келісімге қол жеткізіліп, тиісті Шартқа қол қойылды», - деп хабарлады «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы Асқат Сағынаев. Аталмыш шара 24-30 тамыз аралығында «Алау» мұз айдынында өтеді. «Қазспорт» телеарнасы чемпионаттың іріктеу және ақтық кездесулерін тікелей эфирден көрсетеді. Таңертеңгі кездесулер сағат 11.00-де, кешкі кездесулер сағат 17.00-де басталады. «Қазспорт» телеарнасының редакторлар…

0
0
353

Жүрегім сізге аманат

Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.

Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі.

Жалғасын оқу.

Дүйсенбі-жұма күндері 22.40-та "Қазақстан" телеарнасынан көріңіздер.

0
1
981

Геннадий Головкин кіші Мейвезердің ТОП-5 қарсыластар тізіміне енді

12 қыркүйекте «MGM Grand» аренасында америкалық кіші Флойд Мейвезер (48-0, 26 KO) мен Андре Берто (30-3, 23 КО) кездеседі. Кіші Мейвезер үшін бұл карьерасындағы соңғы жекпе-жек болмақ. BoxingPlanet.ru сайтының хабарлауынша кіші Флойд Мейвезердің соңғы кездесуі қызықты өтуі үшін ТОП-5 қарсыласының тізімін ұсынды. 1-орын - Амир Хан (31-3, 19 КО); 2-орын - Кит Турман (26-0, 22 КО); 3-орын - Шон Портер (26-1-1, 16 КО); 4-орын - Геннадий Головкин (33-0, 30 КО); 5-орын - Мэнни Пакьяо (57-6-2, 38 KO), Г.Головкин мен кіші Мейвезер арасындағы жекпе-жек туралы жанкүйерлер және боксшылар арасында біраз талқыға түскен еді. Кіші Мейвезер жекпе-жектің өтпеуіне екеуі екі түрлі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатындығын айтқан. Айта кетейік, Геннадий Головкин кіші Флойдпен жекпе-жек өткізу үшін салмағын түсі…

0
0
193