Ұлағат Ақжолтай: Мақсатым – қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосу
Ол - Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан соң қабылданған жалғыз қазақ баласы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Ұлағат Ақжолтай Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан соң қабылданған жалғыз қазақ баласы. Колледж қабырғасында жүргенінде-ақ, ерекше қабілетімен көзге түскен студенттің шығармалары кәсіби мамандардың жоғары бағасын алған. Ол Көкшетау қаласында өткен жас мүсіншілер байқауының бас жүлдесін жеңіп алса, 2013 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы көркемсурет байқауының жеңімпазы. «Өнерге деген адалдығы жоғары. Болашақта қазақ өнерін дамытуға үлесімді қосамын дегенде ұстаз ретінде қатты қуанамын»,-дейді мүсін өнері бойы…


