Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

balapantv.kz сайтынан айына 200 мыңға жуық бүлдіршін өзіне қажеттісін табады

27 қыркүйек - еліміздегі тұңғыш «Балапан» балалар телеарнасының туған күні. Телеарна «Қазақстан»РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылды. Сол уақыттан бері арнаның balapantv.kz сайты жұмыс істеп келеді. Еліміздің әр түкпіріндегі балалардың телеарнаны онлайн жүйесінде көру мүмкіндігі бар. Сайт оқырмандары күн санап өсуде. «Google Analytics» есептеуіші бойынша күнделікті оқырмандар саны 2 мыңға жуықтайды, ал, айына 200 мыңға жуық бүлдіршін өзіне қажеттісін табады. «Сен білесің бе?», «Ол қандай бала болған?», «Алтын сақа», «Балапаннан базарлық» айдарлары бойынша бүлдіршіндерге танымдық ақпараттар ұсынылса, «Қолөнер», «Дәмді» айдарлары балдырғандарды шеберлікке, аспаздыққа баулиды. «Балапанның қонағында» еліміздегі және халықаралық деңгейдегі білім, спорт, өнер сайыстарында топ ж…

0
0
785

«Әйел бақыты» жаңа маусымын бастайды

Бүгінге  дейін «Әйел бақыты» ток-шоуы көрерменге түрлі тақырыптағы өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысып келді. Студияда түрлі тағдыр иесі жүрек түбіндегі сырымен бөлісіп, сарапшы-мамандардың кеңесін тыңдады.

Талай ел ағасы хабардың қадірлі қонағы болып, жұлдыздар да дәл осы студияда жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» жаңа маусымының тұсауын кеспек.  Сүйікті хабарынан көрермен қандай өзгеріс күтеді? Студияда жазда шаңырақ көтерген жастар. Жаңа маусымның шымылдығын жаңа отбасы ашады.

1
0
418

Феликс және оның достары өзге аңдарды құтқара ала ма?

Жануарларды қорғау орталығына түскен Феликс атты сілеусіннің баласы бостандыққа әр шыққан сайын түрлі жағдайға тап болады.

Алайда, Феликсті достары Бееа ешкі, Астарту атты сапсанмен бірге соңғы рет алып кеткенде, олар орталықтың темір торлармен қоршалған абақтыны еске түсіретінін байқайды.

Дәл осы жерде достар Гус атты хамелеонмен танысады. Гус шешендігіне басып, өзінің күнделікті айтатын әңгімесі – мұндағы жануарлардың аз ғана ғұмыры қалғанын бұларға да жеткізеді.  Сондай-ақ, ол заңсыз тәжірибемен айналысатын жасырын мемлекеттік агенттіктің жұмыс  істеп жатқанын да айтады.

Кейін олар қаскөй аңшының жолын кесіп, мұндағы аңдарды бостандыққа жіберуге әрекеттенеді. Мызғымас достардың қызықты оқиғасын бүгін сағат 10:35-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

0
0
324

«Сенбілік таң» Жақсылық Үшкемпіровтің шаңырағында

Жақсылық Үшкемпіровтің жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі – арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді палуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген. Чемпион күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шеше білетін. Оқып жүрген кезінде шаңғы жарысынан қашып жүріп, еркін күреске келген чемпион ол кездерді былайша еске алады: «Мен жарысқа қатыспақ түгілі, шаңғы бір жаққа, өзім бір жаққа ұшып түсемін. Шаңғы теппесең «зачет» жоқ. «Зачетің» болмаса сессияға жібермейді. Оның соңында оқудан шығу тұр. Ал, шаңғы тебе алмағанның жазасы – спортзалда күрес кілемін тігу. Кілем тігуден көз ашпадым. Бар ойым қалай да «зачет» алу. Осылайша, кілем жамап жүргенімде Лю Вен Хай деген бапкер келіп,…

1
0
484

Ұлттық арнада — «Соққы» драмасы

Дон Ван Дыктың өмірі қиын болды. Кішкентай кезінде анасы тастап кеткен. Ал, әкесі мүгедек болатын.  Мектепте ең нашар оқитын оқушы еді.

Ол басқа балалармен алысып-жұлысқаннан басқа ештеңе білмейтін. Бір күні Ван Дыктың жағдайын білуге анасы келеді. Міне, осы сәттен бастап оның өмірі өзгеріп сала береді...

Ким Юн Сок, Ю А Ин, Пак Су Ён сынды актерлер басты рөлдерін сомдаған «Соққы» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те көріңіз.

0
0
235

«Түнгі студияда» — Мария Мудряк

Мария Мудряк небәрі 18 жасында жоғары білімі бар опера әншісі атанған талант. Ол Миландағы Джузеппе Верди атындағы консерваторияны тәмамдаған. Ал, 2011 жылы Италияның ең жас әрі үздік әншісі атағын иеленді.

Әнші «Бельведер» халықаралық конкурсына қатысқандардың арасында әлемнің ең үздік он сопрано дауысының қатарында. Жасы 20-дан енді асса да, Марияның жеткен жетістіктері өте көп. Әрі ол осымен тоқтап қалмақ емес.

Опера әншісінің «Түнгі студияда» қонақта болып, тосын сұрақтарға қалай жауап бергенін көргіңіз келсе, бүгін 19:30-да хабардың қайталау нұсқасын көріңіз. Сондай-ақ, бүгінгі хабарда жас әнші Ернар Айдар да қонақта.

0
0
413

«Сенбілік кездесуде» — Досхан Жолжақсынов

Досхан Жолжақсынов — театр мен кинода 200-ден астам бейнелер сомдаған тұлға. Ол еңбек жолын 1971 жылы қазіргі балалар мен жасөспірімдер театрының актері болып бастаған. 1995-2001 жылы осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарады. Театрда ойнаған рөлдері арасында Ақан, Сәмет (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында», «Қазақ солдаты» романы бойынша), Глумов (А.Н.Островскийдің «Адам аласы ішіндесінде»), Әзберген (Ә.Таразидің «Індетінде», Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1996; Түркітілдес халықтар театрлары байқауының бас жүлдесі, Қазан, 1998), т.б. бар. Актёр халық әндері мен қазіргі қазақ композиторларының әндерін шебер орындаушы ретінде де кеңінен танымал. Халық әртісі көпшілікке режиссерлік қырымен де мәлім. Бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесуден» Досхан Жолжақсыновтың жақ…

0
0
378

«Әйел бақытының» жаңа маусымына үш күн қалды

Үш саны қасиетті саналғандықтан, фольклорда көбірек ұшырасады. Үш би, үш жүз, үш жұрт, үш арсыз, үш алыс...

Ал, бұл санмен бағдарламаның қандай байланысы бар?

Үш маусым бойы «Әйел бақыты» хабары көрерменге тың дүниелерді сыйлап келеді.

2013 жылы хабардың тұсауы кесілгенде. Үш жүргізуші бағдарламаның тізгінін ұстады.


Сіздердің өмірлеріңізде 3 саны қандай орын алады?

1
0
766

Кенже Жуманулы: В этом году в мега-проект «Қазақстан дауысы» включен новый этап — «Нар тәуекел» (Нокаут)

Новый сезон мега-проекта «Қазақстан дауысы» (Голос Казахстана) стартует в эфире телеканала «Казахстан» 20 сентября. Перед началом третьего сезона произошли некоторые изменения. О них рассказывает директор проекта Кенже Жуманулы. Первая перемена коснулась наставников. Известный казахстанский певец Медеу Арынбаев покинул проект. В третьем сезоне его место займет эстрадный исполнитель Рустем Нуржигит. И еще один немаловажный момент. В проект включен решающий, четвертый этап – «Нар тәуекел» (Нокаут). Главный приз – 5 млн. тенге. В проекте могут принять участие исполнители от 18 до 50 лет. На всех этапах до финала кандидаты обучаются профессиональной командой наставников. И когда все подходит к финалу, мы получаем возможность узнать, кто из соискателей обладает тем безоговорочным сочетанием та…

0
0
706

Кенже Жұманұлы: Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгізілді

«Қазақстан дауысы» жобасының жаңа маусымы «Қазақстан» телеарнасында эфирге 20 қыркүйекте шығады. Үшінші маусым алдында жобаға бірнеше өзгерістер енгізілді. Осыған орай жоба директоры Кенже Жұманұлы өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, «Қазақстан дауысы» жобасының биылғы маусымы өте қызықты болмақ. Халыққа жақын болуы үшін биыл біраз өзгерту енгізілді. Мысалы, тәлімгер Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді. Оған қоса, «Нар тәуекел» атты жаңа кезең енгізілді. Нағыз шайқастың қызатын кезі де осы кезең. Сондай-ақ, бұрынғы сайыстарға да өзгерту енді. Үшінші маусым алдыңғыларға қарағанда, анағұрлым қызықты болмақ». Бас жүлде – 5 млн. теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқ…

0
0
551