Оралда өткен «Жас Барыс» турнирінде жаңа чемпиондар анықталды
Орал қаласында қазақ күресінен республикалық «Жас Барыс» турнирі мәресіне жетті. 14-15, 16-17, 18-19 жас аралығында үш топта сынға түскен жас палуандардың бәсекесіне еліміз бойынша 260 спортшы қатысты. Дәстүрлі түрде 4-ші рет өткен республикалық турнирге іріктеу 4 кезең бойынша жалғасқан еді. Алғашқыда қатысушылар 1-2 кезеңде ауылдық елді мекендер мен аудандық іріктеуден өтсе, 3 кезеңде облыстық іріктеу сынына қатысқан. Одан өткендер 4 кезеңге, яғгни, финалдық турнирге жолдама алды. Турнирде 14-15 жастағы балалар: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 келі, 16-17 жастары жасөспірімдер: 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 келі, 18-19 жастағы жастар: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелерінде белдесті. «Жас Барыс» турнирін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақстан Республикасы…







