Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сөздің пірі – Сүйінбай». Халықаралық ақындар айтысы. 2-бөлім

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған айтыстың 2-бөлімін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

Мұхтар Әуезов Сүйінбай Аронұлына «Айтыс өнерінің алтын діңгегі», деп бекер баға бермесе керек. Ел тағ­ды­рын толғап, шежіремізді шебер тіл­мен шер­тіп, тарих тереңіне бойлаған Сүйінбай ақынның шынында алтын діңгек екені ақиқат.

Осыдан біраз уақыт бұрын Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.

Айтысқа  арысы Қытай, Моңғолия мен Қырғыздан, берісі еліміздің әрбір өңірінен 20-ға жуық ақын қатысты.

Жыр додасының телевизиялық нұсқасының 2-бөлімін  бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:10-да тамашалай аласыздар.


0
0
2173

Осы тақырып бойынша