Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Айгөлектің» концертін көріңіз

Бүгін сағат 12:05-те Ұлттық арнада.

Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға арналған «Айгөлек» концерттік жобасының өтіп келе жатқанына біраз болды. Талай бүлдіршіннің жұлдызының жануына мүмкіндік берген жобаға қызығушылар да көп.

Байқаудың мақсаты - балалардың бойында көркемдік-эстетикалық талғам қалыптастырып, олардың шығармашылығының дамуына атсалысу.

Қатысушылар «Бүлдіршіндер әні», «Жасөспірімдер әні», «Вокалдық топ», «Дәстүрлі ән» және «Би» аталымдары  бойынша сынға түседі.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 12:05-те «Айгөлек» қатысушыларының спорт тақырыбына арналған концертін көріңіз.


0
0
270

Осы тақырып бойынша

«Айгөлектің» концертін көріңіз - Yvision.kz