Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Күміс көмей, жез таңдай». Концерт

Жас дарындар кешін бүгін 18:15-те көріңіз.

Жуырда Алматыда талантты жастарды қолдау мақсатында «Күміс көмей, жез таңдай» атты ән байқауы өтті. Байқауға  3 аталым бойынша 200-ге жуық өнерпаз қатысқан.

Биыл  төртінші рет өтіп отырған сайыс қатысушыларының кәсіби деңгейі де өскен. Нағыз таланттыларды анықтау үшін Нұрғали Нүсіпжанов, Еркін Шүкімән, Сәкен Майғазиев сынды белгілі тұлғалар қазылық етті.

Өнерпаз жастарға ерекше серпін берген «Күміс көмей, жез таңдай» байқауының телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:15-те тамашалай аласыздар.

0
0
542

«Astana Arlans» бокс клубы алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылдың 23 қаңтарында өткізбекші

Бокс кеші Қарағанды қаласында өткізіледі деп күтілуде.

«Astana Arlans» бокс клубы  Әлемдік бокс сериясының алтыншы маусымының бірінші кездесуін 2016 жылы 23 қаңтарда өткізбекші. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана арландарының қарсыласы – әзірбайжандық «Баку Файрс». Естеріңізге саламыз, жеребе бойынша қазақстандық клуб D тобында жұдырықтасады. Әзірбайжан командасынан бөлек, олар «Пуэрто Рико Харрикайнс» және Өзбекстан  командасымен бақ сынасады.

«Astana Arlans» боксшылары «Куба Домадорес» командасын қапы қалдырып, Әлемдік бокс сериясы бесінші маусымының жеңімпазы атанғанын болатын.

0
0
235

«Capital Gate» ғимараты қалай салынды?

Ғимарат Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр. Дубай өзінің ерекше ғимараттарымен таң қалдырса, енді Абу-Даби Дубайдан да асып түсуді көздейді. «Capital Gate» ғимаратының орналасуы ерекше. Италиядағы Пизан мұнарасынан бес есе қиғаш тұр. Парсы шығанағын жағалай қоныстанған Абу-Даби 1971 жылы тәуелсіздігін алған ел. Бүгінде әлемдегі ең бай жеті мемлекеттің қатарына кіреді. Біріккен Араб Әмірліктерінің королі Абу-Дабиді әлемдегі ең дамыған және туристер көп келетін қалаға айналдыру үшін қазынадан 200 миллиард доллар бөлдірді. Әу баста қиғаш бекітілген ғимарат теңіздің толқыны мен шөл даладағы жел, сусыған құмды бейнелейді. Мұнараның жерден ұшар басына дейінгі биіктігі - 162 метр. Әр бұрышы бір-бірін қайталамайды. Қаладағы ел жиылатын басты орындардың бірі болуы үшін жақсы жерге салу…

0
0
452

Рамазан Стамғазиев: Дәстүрлі классикалық өнерге қызығушылық жоғары

Әншінің орындауындағы Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» әнін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. Астанада «Шабыт» ХVІІІ Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі өтуде. Биылғы фестиваль бес аталымды құрайды. Олар: «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Спорттық сәнді би». Осы сайысқа қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырылған әнші, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының меңгерушісі, доценті Рамазан Стамғазиев бүгін «Таңшолпанда» қонақта. «Фестивальде халық музыкасы аталымы бойынша алғашқы жылдары жиырма шақты ғана үміткер қатысса, бүгінде домбырасын арқалап келген 50-ге жуық қатысушы бар. Негізі осындай конкурстар болмаса, соңымыздан ерген ұрпақтың қандай екенін білмей қаламы…

0
0
641

Нұрмағанбет Нүрпейісов: Инновация қолжетімсіз дүние емес

Кәсіпкер бүгінде әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта халыққа ұсынып отыр. Бір кездері Нұрмағанбет Нүрпейісовтің денсаулығы сыр беріп, жарымжан атануға сәл-ақ қалған болатын. Бірақ, өзгелерге мұқтаж болуды қаламаған ол ауруымен күресіп, жеңіп шықты. Қазіргі таңда өндірісі оңға басқан кәсіпкер. «Алғашында халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бастадық. Яғни, шаштараз сынды кішігірім бизнестер болды. Бірақ, экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, мемлекетке ешқандай пайда тигізбеді. Егер нарықта бар кәсіппен айналыссаң, жаңалық ашуың екіталай. Ал, инновациялық жоба бұл тың бағыт. Бірақ, өзіндік қиыншылығы бар. Ойлап табу мен айналымға енгізу қиын шаруа»,-дейді кәсіпкер. Ол уақыт өте келе өндірістік компания құрды. Бастапқыда әйнекке түрлі сурет орналастырып, оны 3D қалыпта ұсынғаны…

1
0
546

2022 жылғы Әлем чемпионатында Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ

Лусаил қаласы Әлем чемпионатының бірнеше ойындарын қабылдайды. Катар билігінің басты мақсаты – кез келген дүниені сапалы етіп салу. Ал, олар тұрғызған спорттық нысандар әлі де әлемді таң қалдыруда. 2006 жылы Азия ойындарын өте жоғары дейгейде өткізді. «Aspire Academy» спорт академиясы соңғы технологиямен жабдықталған. Болашақ чемпиондар осы жерден түлеп ұшады. Футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына арналған қалашықтың құрылысы әлі басталған жоқ. Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ. Ал, оған кететін бюджет шамамен 45 миллиард долларды құрайды деп күтілуде. Лусаил қаласы футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының салтанатты ашылуын және финалдық ойынды қабылдайды. Бұл шаһар 2019 жылға қарай шөл далаға салынбақшы. Парсы шығанағының бойында орналасатын қаланың аумағы 35 м…

0
0
175

«Көсемсөздің көсемі» атты кітап жарық көрді

Кітап Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы. Ел тағдыры таразыға түскен уақытта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхаметовтер бастаған қайраткерлер қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлт мүддесі жолында аянып қалмады. Олардың асыл мұраты мен атқарған істерін ұрпақтың жадына сіңіру, Алаш идеясын насихаттау ғасырдан-ғасырға жалғасуы тиіс. Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы – филология ғылымдарының кандидаты Аманқос Мектептегі. «Жалпы, Алаш ардақтылары ақталған жылдан бастап, мақсаты – Алаш қайраткерлері туралы тың деректерді жұртқа жариялау болды. Кезінде Омбы, Петербор, Мәскеу, Қазан қалаларындағы мұрағаттарды, Қазақстандағы мұрағатта…

0
0
670

«Таңшолпанда» — суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев қонақта

Суретші ақын Төлеужан Ысмайыловтың мемориалдық ескерткішін, Көкбай ақынның портреттік мүсінін, Алаш зиялысы Шаймардан Тоқжіговтің т.б. тұлғалардың мүсіндерін жасаған. Суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев өз күшімен танымал тұлғалардың ескерткіш мүсінін жасап, суретін салумен айналысады. Ақын Төлеужан Ысмайыловтың мемориалдық ескерткішін, Көкбай ақынның портреттік мүсінін, Алаш зиялысы Шаймардан Тоқжіговтің т.б. тұлғалардың мүсіндерін жасаған. Сондай-ақ, Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай «Еңлік-Кебек» белгісінің (мазары) қасына «Еңлік-Кебек» мүсінін жасаған. «Бұл салаға мектеп қабырғасынан қызықтым. Қазақтың кез келген баласы жылқыға әуес келеді ғой. Бала сурет салуды да жылқыны бейнелеуден бастайды. Мен де бала кезімде жылқының суретін көп салатынмын». «Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай Абай…

0
0
512

«Қамкөңіл қарттар»

Бүгін 11:45-те «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.

Қартын қазынасына балаған қазақтың бүгінгі қариялары неге қарттар үйін паналап жүр? Балаларын өсіріп, үйлендіріп, енді қызығын көремін, деп отырғанда ұл-қыздары осында әкеліп тастаған. Мұнда олар түрлі себеппен келген.

Бойынан әл кеткен шақта қолтығынан демер жақыны қалмай, шарасыздықтан қарттар үйін паналағандар болса, бір сәрі. Алайда, бұл мекемедегілердің денінің отбасы, бала-шағасы, немере-шөбересі бар. Қиыны сол...

Қалған санаулы ғұмырын отбасынан жырақта өткізген қам көңіл қариялар туралы бүгін 11:45-те  «Айтуға оңай...» хабарының қайталауынан көріңіз.

0
0
392

Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар түсті

Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мен Техникалық дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы және Қазақстандағы Британия консулдығы тарапынан ұйымдастырылған Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар келіп түсті, деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, байқауға қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігін (100 өтініш) Астана қаласының тұрғындары құрап отыр. Екінші орында, Батыс Қазақстан облысы (34 өтініш) тұр, үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді. Байқаудағы «Үздік телевизиялық сюжет» аталмынына қазақ тілінде 41 материал, орыс тілінде 19 материал келіп түскен. «Баспасөз бетінде жарияланған үздік материал» аталымына қазақ тілінде 67 материал, орыс тілінде 27 материал өткізілген. «Қазақ тілін…

0
0
456