«Қазақстан-Ақтау» телеарнасының жаналықтар қызметі жүргізушісі, «Хабар» арнасындағы «Қызық times» бағдарламасының жүргізушісі Исабекова Мереке Қуанышбекқызымен сұхбат
Қайырлы күн, Мереке Қуанышбекқызы! Бұл сұxбатымызда қазіргі журналистиканың жай-күйі мен телеарнадағы жаңалықтар қызметі жайлы сөз қозғасақ деп едім. Сіз Маңғыстау облысындағы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасының жаңалықтар қызметінің жүргізушісісіз. Бүгінде телевизияда сан сала бар. Бірақ сіз жаңалықтарды таңдапсыз. Себебі неде? Мереке Қуанышбекқызы: Жаңалықтар - бұл өмірдің өзі. Қыз-қыз қайнаған жаңалықтардың бел ортасында жүрмесек те, соны көгілдір экран арқылы көрерменге жеткізудің өзі үлкен жұмыс. Меніңше, жаңалықтар - барлық бағдарламалардың көш басында тұрады. Сондықтан да, бұл салада күн сайын танымың кеңейіп, ой-өрісің өседі. Соған сай өзіңді де қамшылап, үнемі әлемде, елімізде болып жатқан оқиғалардан xабардар болып жүруге ұмтыласың. Әрине, диктор болу арқылы танымалдылығың да артады…