Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бақытты болу үшін арылу керек 8 қасиет

Сіздің қандай адам,нені армандайтыныңыз және алға қойған мақсаттарыңыз қандай екендігі маңызды емес,баршамыздың түпкі мақсатымыз- бақытты болу. Бірақ әрқашан бізді сол арманнан алыстатып тұратын бойымыздағы қасиеттер немесе ойлар табылады. Бүгін мен сол қасиеттерді жіктеп, өзімнің субьективті көзқарасыммен жасаған талдауымды сіздермен бөліспекпін.

1. Өзгелердің ойы
Сізге кімнің не ойлайтыны, не айтатынынан қандай пайда бар?
Барлығына ұнау міндет емес. Қаншалықты жақсы болсаңыз да, көптеген жетістіктерге жетсеңіз де, қашанда сізді ұнатпайтын,сізге жұлдызы қарсы адамдар болады. Өзіңіз қабылдаған шешімдерді дұрыс деп есептесеңіз, өзгелердің сөзіне мән бермеген жөн. Егер сіз осы қасиеттен құтылсаңыз, өміріңіздің қаншалықты жақсаратынын байқамай да қаласыз.
Әрине,жақындарымыздың кеңесін тыңдаған абзал, бірақ олардың сіздің өміріңізге араласуына жол бермеу қажет.


2. Ашу-ыза , реніш.
Ашу сізді іштей жеп, сіздің көңіл-күйіңізге,денсаулығыңызға кері әсер етеді, сондықтан өз эмоцияларыңызды қадағалай білгеніңіз дұрыс. Кешірім сұрай біліңіз, ешқашан қателеспейтін адам болмайды. Егерде сіз негатив пен реніштен арыла білсеңіз, өміріңіз әлдеқайда жеңілдейді, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады.



3.Мінсіз өмір
Мінсіз адам да,өмір де болмайды. Осыны түсінген жөн. Өмір-сіздің инвестицияларыңыздан, қаншалықты талаптанғаныңызға, еңбектенгеніңізге байланысты өзгеріп отырады. Сіздің жасаған тандауыңыз тікелей өміріңізге әсер етеді.



4. Үнемі ақталу, ертеңге қалдыру.
"Еріншектің ертеңі бітпейді" демекші, әрбір істі ертеңгі күнге қалдырып,өзіне ақталатын себеп тауып отыратын адамдар болады. Ақталуға уақыт жоқ. Бүгін қолға алу керек істі, ертеңге қалдырмаңыз, бүгінгі күнмен өмір сүріңіз. Сол арқылы аз уақытты унемдеп, көптеген жетістіктерге жетесіз!



5. Негатив
Біздің бойымызда туындаған әрбір ой мен сөз, өзімізге шынайы өмірде қайтып келеді. Сол себепті өмірлік ұстанымыңызды "бәрі жақсы болады" деген девизге ауыстырыңыз,негативке жол бермей,позитивті алға тартыңыз. Сенім болса, мүмкін емес нәрсе жоқ!



6. Сенімсіздік
Бақытты адамдарда әдетте өзіне деген сенім мен өзін қадірлей білу қасиеті ұштасып жатады. Өзіңіздің бойыңыздағы жақтырмайтын қасиеттеріңіз болса, сізде 2 таңдау бар: оларды қабылдау немесе өзгертуге талпыну. Кім болатыңызды, қандай болатыныңызды сіз ғана шеше аласыз!



7. Қызғаныш, басқаның жетістігін көре алмау.
Достарыңыз, таныстарыңыз белгілі бір жетістікке қол жеткізгенде, сізде ол адамға деген көре алмаушылық немесе қызғаныш сезімі емес, қайта қуаныш әрі талпыныс пайда болу қажет. "Мен де сондай дәрежеге жетемін, ол үшін көп еңбектену керекпін" -деп ойласаңыз, сол жетістікке жету жолына бір табан жақындай түсесіз.



8. Өткен күнмен өмір сүру.
Өткенді жиі еске алып,кешегі күнмен өмір сүруді тоқтатыңыз. Реалист бола біліңіз,бүгінгі өміріңізге балта шаппаңыз. Өткеннен сабақ алып, өміріңізді жаңа парақтан бастаңыз.



Сіз өзіңіздің бақытты әлеміңізді құра аласыз!

2
0
4788

Осы тақырып бойынша

Бақытты болу үшін арылу керек 8 қасиет - Yvision.kz